Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік клубтардың рейтингін жариялады.
Бір қуаныштысы, 2017 жылмен салыстырғанда «Астана» клубы бірден 62 сатыға жоғарлап, бұл күндері олар 67-орынды иеленуде. Бұл ретте елордалық ұжым Италияның «Интер» (Милан), Ресейдің «Зенит» (Санкт-Петербург), ЦСКА мен «Спартак» (Мәскеу), Францияның «Монако», Англияның «Лестер» және тағы басқа бірқатар әлемге әйгілі командаларды басып озған екен.
Қазақстандық командалар арасында екінші үздік нәтиже «Қайратқа» тиесілі. Қазіргі кезде алматылықтар 181-орынды иеленуде. Үшінші орында – «Тобыл». Бүгінгі таңда қостанайлық клуб 255-сатыға табан тіреп тұр.
Ал әлемдегі ең үздік он клубтың тізімі мынадай:
«Атлетико» (Мадрид, Испания) «Реал» (Мадрид, Испания) «Ред Булл» (Зальцбург, Австрия) «Барселона» (Испания) «Ювентус» (Турин, Италия) «Палмейрас» (Бразилия) «Атлетико Хуниор» (Колумбия) «Ривер Плейт» (Аргентина) «Севилья» (Испания) «Санта-Фе» (Колумбия).Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»