Бүгін Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыста келесі заң жобалары талқыланды:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Келісімнің басты мақсаты - құқықтық негізді өзара белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынасты реттеу. Баяндамашы: Ділманов Дархан Айтқалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Қосымша баяндамашы: Мұқаев Ерболат Рахметұлы Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.
2. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Келісімнің мақсаты - терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды арнайы техникамен, арнайы құралдармен және қамтамасыз ету материалдарымен жан-жақты жабдықтау үшін тең және жеңілдікті шарттар туғызу. Баяндамашы: Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қосымша баяндамашы: Шелпеков Бақтыбай Ақбердыұлы Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.