• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2019

ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының үндеуі

957 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар! 

Қазақстан Республика­сы­ның Прези­денті Н.Ә.Назарбаев Жастар жылын ресми ашты, іс-шара аясын­да қазақстандық жас­тарды жан-жақты қолдау бойынша ауқымды шаралар айқындалды.

Бұл шаралар жас азаматтардың өмірлік маңызды мәселелерінің кең спектрін – қолжетімді және сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған. 

Мемлекет басшысы әлеуметтік сатылардың сапалы жаңа платформасын құру жөнінде тапсырма берді, олар жастардың барлық санаттарын – жұмыссыздар мен студенттерден бастап ғалымдарға дейін, ауыл еңбеккерлері мен жұмысшылардан кәсіпкерлерге дейін қамтиды.

«Жас кәсіпкер», «Жас маман» бағдарламалары, жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыру, «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін гранттарды екі есе ұлғайту, Жастардың стартап-жобаларын қолдау қоры, волонтерлікті ынталандыру біздің жастардың әлеуметтік даму ортасын түбегейлі өзгертеді.

Шын мәнінде, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі Қазақстан жастарына арналған жаңа ауқымды және іргелі Жолдауға айналды. 

Басты мақсат – еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру. 

Жастар жылы – бұл біз үшін елдегі өзгерістер үдерісіне тікелей атсалысудың бірегей мүмкіндігі. 

Бұл – әрбір жас қазақстандық үшін жауапты және маңызды кезең. 

Біздің ортақ азаматтық парызымыз – жан мен жүректің қалауы бойынша еңбек ету және жасампаз болу.    

Ұлы дала елінің нағыз патриоттары болу.

Біз, Жастар жылы Отанымыздың өркендеуіне үлес қосатын жаңа жетістіктерге толы болатынына сенімдіміз. 

Біз шынайы қазақстандық құндылықтарға – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке деген құрмет үлгісін көрсетуге шақы­рамыз. 

Олар біздің ортақ жетістіктеріміз бен табыстарымыздың кепілі болып қызмет етті және болашақта да қызмет етеді.

Қазақстанның жастары өздеріне және өз күштеріне сенеді. 

Біз Жастар жылының міндеттерін шешу мақсатында бірігуге және жастарды жеке үлес қосуға шақырамыз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы

2019 жылғы 23 қаңтар