• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

628 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турда Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, ипотекалық тұрғын үй несиесін беру бағдарламасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында ҚР Президентінің «әрбір отбасына тұрғын үй алуға жаңа мүмкіндіктер беру» атты алғашқы бастамасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруда өңірдегі 8 банк белсенді жұмыс жасайды, оның ішінде «Қазақстан Халық Банкі», «ЦентрКредит Банкі» және т.б бар.

«Біздің облыста екінші деңгейдегі банктер 3079,0 млн.теңгеге 364 өтінім қабылдады. Оның 202-сі қазір 1776,0 млн.теңгеге мақұлданып отыр. «Центр Кредит Банкі» екінші деңгейлі банктер арасында несие беруде көш бастап тұр, оларға барлық тұрғын үй несиелерінің 67% берілді», - деді  Ұшқын Мынбаев БАҚ өкілдеріне.

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының негізгі талаптары: жеке меншікте тұрғын үйдің болмауы, төлем қабілеттілігін растау, тұрғын үйдің жалпы құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарнасының болуы.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне аталған бағдарлама аясында сатылатын пәтерлер көрсетілді, сондай-ақ, Ақтөбенің жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңа өнім ұсынылды: бірінші кезекте қажет ететін тұрмыстық техникасы бар.толықтай жиһаздалған пәтерлер,

Сондай-ақ, Ақтөбеде көп қабатты коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысымен 25 компания айналысатыны атап өтілді. Негізгі құрылыс жұмыстары «Батыс 2» тұрғын алабында жүргізіледі.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны коммерциялық тұрғын үйлердің қабатына байланысты 140 000 – 160 000 теңге.

Сонымен қатар, спикер «Нұрлы жер» бағдарламасының өзгерістері туралы да айтып өтті.