• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Заңы №542-IV

258 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы №542-IV

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:10

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:10

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құ­жат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетте­рінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актi­лерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толық­тырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Респуб­ликасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):1) мазмұны:мынадай мазмұндағы жаңа: 16-1-тарау мен 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-6, 219-7, 219-8, 219-9 және 219-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәнде­рін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу  оқшау­лау­сыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті  аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергети­калық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытын­дылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе)  өткізу219-10-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сала­сындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқамасын орындамау немесе толық көлемде орындамау»;356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;32-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 548-1-баппен толықтырылсын:«548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары»;2) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«Осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеумет­тiк аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама­сының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен, не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен, не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының пайызымен не құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының пайызымен көрсетiледi.»;3) 69-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз­дан­дыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапты­лыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалары, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;4) Мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға­ ­­­­­­­­­­­– ­­құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Ескерту.Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулау­сыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объек­тілерді  пайдалануға қабылдау1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтанды­рылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, –объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлға­ларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлға­ларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Ескерту.1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттік қабылдау комис­сиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін түсіну қажет.2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергети­калық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытын­дылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитінен өткеннен кейін бес жылдың ішінде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіруЖарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, –жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы1. Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет,-шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – акредиттеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – акредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе)  өткізу1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжат­тамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғы­ларды өндіру және (немесе) өткізу, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын  орындамау немесе толық көлемде орындамау1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, –жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;5) 356-бапта:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге  де талаптарды орындамау»;бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қыз­мет­тiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурс­тар­­ды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, –жеке тұлғаларға – үшке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға – жиырмаға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 219-10, 305, 313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау,–жеке тұлғаларға – беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;6) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 – 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 394-1, 396 (екiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 – 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;7) мынадай мазмұндағы 548-1-баппен толықтырылсын:«548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;8) 566-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласын­дағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;9) 568-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республи­калық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.»;10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 219-6, 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар)»;қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (219-8, (екінші және үшінші бөліктері), 223-225, 225-1 (электр және жылу желілері тораптарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);».2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Респуб­ликасының Заңы):1) 53-баптың 1-тармағында:9) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;2) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;3) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;4) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:«8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;».3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):495-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:«Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.».4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат, № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат):1) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«4-бөлім. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік»;2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.».5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қа­зақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті­нің Жаршысы, 1997 ж. № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республи­касының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын жайларда коммуналдық қызмет көрсету үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азамат­тарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыс­тарды;тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналар­дың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимарат­ты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсе­тіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыс­тық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Респуб­ли­касының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.».6. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) оным