№2 Өскемен қалалық сотының ғимаратында «Үлгілі сот» жобасын жүзеге асыру аясында фронт-кеңсе ашылды.
Бұл жерде медиаторлардың, адвокаттардың, прокурорлардың кабинеттерімен қатар барлық қажетті мәліметтерді ұсынатын ақпараттық орталық, құжаттарды тапсыру және қабылдауға арналған кеңсе, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы мен күту залы орналасқан.
Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбековтің айтуынша, бұл – өңір соттарында ашылып отырған 4 кеңсе. «Мұнда «Бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсетіліп қана қоймай, тұрғындардың сотқа қолжетімділігін барынша жеңілдетеді. Фронт-кеңсенің жұмысы – сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам», – дейді ол.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
ӨСКЕМЕН