• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2019

Шығыс Қазақстанда аяз 40 градусқа жетті

628 рет
көрсетілді

 

Шығыс Қазақстанда үш күннің жүзі болды қатты аяздың беті қайтар емес. Бүгін де облыстың бірқатар аудандарының мектептері мен колледждерінде сабақ тоқтады.

Аягөз ауданында (-26°С) бірінші ауысымның 1-4 сыныптары, Шемонаиха (-33°С),  Алтай (-39°С) және Катонқарағай (-38°С) аудандарының бірінші және екінші ауысымның 1-11 сыныптарын, колледждердің 1-2 курстары,  Көкпекті ауданында (-35°С) бірінші ауысымның 1-11 сыныптары, колледждердің 1-2 курстары, Тарбағатай ауданында (-31°С) бірінші ауысымның 1-9 сыныптары, Бесқарағай (-20°С), Үржар (-20°С), Зайсан аудандары (-29°С) мен  Курчатов (-26°С) қаласының бірінші ауысымның 1-4 сыныптары сабақтан қалса, Өскеменде желдің күші секундына 20 метр жылдамдыққа жеткеннен кейін бірінші ауысымның 1-4 сыныптары сабақтан босатылды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы