• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2019

Алматы облысының Көксу ауданында сүт зауыты ашылды

699 рет
көрсетілді

Көксу ауданының Лабасы ауылдық округіндегі зауыттың іргесі 1967 жылы қаланған  екен. Ауылдағы дайын өнім шығаратын осы шағын өндіріс соңғы 20 жыл бойына қаңтарылып тұрған болатын.

Қазір шағын зауыт жеке инвестор мен мемлекеттің тізе қосуынан кейін қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100 миллион теңге көлемінде берілген қаржыға Ресейден заманауи қондырғылар сатып алынды. Ендігі алғашқы өнімін де шығарып үлгерді. Кәсіпорында жасалған түрік айраны, құрғақ сүт және ысталған шұжық нарыққа жөнелтіліп жатыр.

- Зауыт толық қалпына келгеннен кейін сүт өнімдерінің барлық түрін шығаратын боламыз. Шикізатты жақын маңдағы ауылдар мен көрші аудандарын сатып алмақшымыз. Өндіріс тәулігіне 40 тонна сүт тұтынатын болады. 20 адамға жұмыс береміз,- дейді сүт зауыт басшысы Бақыт Арқабаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»