• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2019

Зейнетақы қоры инвестициялық портфелі туралы толық мәліметтерді жариялады

865 рет
көрсетілді

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық портфель туралы толық ақпаратта жарияланған. Бұл мәліметтермен төмендегі сілтеме арқылы https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/ac8/ac85aa8ed8f69cc9359bad2d21d7fae7.pdf танысуға болады.

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай және қанша мөлшердегі бағалы қағаздарға, қандай нарықтық баға бойынша инвестицияланатыны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруындағы БЖЗҚ АҚ зейнетақы активтері 9 378,03 млрд теңгені құрап,бір жылда 1 603,21 млрд теңгеге яғни, 20,62 пайызға өсті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 2018 жылы 917,1 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстылығының мөлшері 2018 жылы 11,27 пайызды құраса, бұл кездегі инфляция 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2018 жылы 5,97 пайыз болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (43,27 пайыз) тиесілі. Есептік күнге дейін теңгеде номиналданған мемлекеттік құнды қағаздар бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылына 6,9  пайызды, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайызды құрады.

Еліміздің квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 13,86 пайызына жеткен. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін теңгеде номиналданған ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларына – жылдық 5,0 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы активтері портфеліндегі депозиттер үлесі 2,9 пайызды құрап, олардың өтеуге қатысты орташа табыстылығы жылдық 9,6 пайызды көрсетті.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары зейнетақы активтері портфелінің 13,5 пайызын құрады. Теңгеде номиналданған облигацияларды өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай шетелдердің мемлекеттік құнды қағаздарына шетел валютасында номиналданған инвестициялар үлесі 12,7 пайызды құрап, өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,9 пайызды көрсетті.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюта бойынша қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген; құнды қағаздардың  67,2 пайызы ұлттық валютада инвестицияланған, АҚШ долларында – 32,37 пайыз  , өзге валюталарда – 0,4 пайыз. Сенімгерлікпен басқарудағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымдық бөлуі БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ