• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2012

Бағдарлама бағыты – дені сау ұрпақ өсіру

749 рет
көрсетілді

Бағдарлама бағыты – дені сау ұрпақ өсіру

Жұма, 9 қараша 2012 7:13

«Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық.Қазақстанда «Ана мен бала денсаулығын қорғау» мемле­кет­тік саясаттың басты мәселесі болып отыр. Бұл орайда ден­сау­лық­ты дамытуда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қа­зақ­­стан» мемлекеттік бағдарламасы маңызды бағыттардың бірі екендігі анық. Ана мен бала денсаулығын қорғау ісінің ұйым­дас­ты­рылуы сапасын үздіксіз дамыту бойынша онда қазіргі заманғы әдістемелерді ендіріп, өңдеуге айрықша назар аударылып отыр.Аталған мәселелердің ең дұрыс шешімі – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қуан сәби» жобасы.

Жұма, 9 қараша 2012 7:13

«Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық.Қазақстанда «Ана мен бала денсаулығын қорғау» мемле­кет­тік саясаттың басты мәселесі болып отыр. Бұл орайда ден­сау­лық­ты дамытуда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қа­зақ­­стан» мемлекеттік бағдарламасы маңызды бағыттардың бірі екендігі анық. Ана мен бала денсаулығын қорғау ісінің ұйым­дас­ты­рылуы сапасын үздіксіз дамыту бойынша онда қазіргі заманғы әдістемелерді ендіріп, өңдеуге айрықша назар аударылып отыр.Аталған мәселелердің ең дұрыс шешімі – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қуан сәби» жобасы. Ата-аналардың дені сау бала тәрбиелеуіне үлкен көмегін тигізуде ақпараттық-танымдық материалдар тарататын «Қуан сәби» жобасының маңызы ерекше.

Сәбилердің екпелері туралы, оларға тән аурулардың үрейлі белгілері және тағы басқа шұғыл жағдайлар кезінде көрсе­тіле­тін көмек туралы толық мәліметтер беруге көмектесетін гинекологтар мен педиатрлар арасынан мамандар дайындау жоба­ның тағы да бір маңызды құрамдасы болып табылады.«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағ­дар­ламасында ана мен баланың денсаулығын қорғау мемле­кет­тің басым бағыттарының бірі ретінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы үш жас­қа де­йінгі балаларды бағып-күту туралы ата-аналарға арналған ақпа­раттық-білім беру құралын шығарды. Онда жүкті әйелдер мен аналарға жүктіліктің өту ерекшеліктері, оларға кеңестер, дұрыс тамақтану, босануға дайындық, сонымен қатар емшекпен емізу, 3 жасқа дейінгі балаларға күтім жасау, сәбилерге жасалатын екпелер, бала ауруларының қауіпті белгілері мен шұғыл жағдай­ларда көрсетілетін алғашқы көмек жөнінде баяндалған. Осы нұс­қаулықтан сәби дүниеге келген күнінен бастап үш жасқа де­йінгі балаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың 2012 жылғы 19 наурыздағы №180 бұйрығын орындау мақсатында әрбір босанған анаға перзентханадан шығарда аталған нұсқау­­­лық табыс етіледі.2012 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының барлық қала, аудандарының саламатты өмір салтын қалып­­тас­­тыру орталықтарында медициналық мекемелердің гинекологтары мен педиатрларына арналған «Ана мен бала денсаулығын қорғау және ана мен бала өлімін төмендету» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарда Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен келген кафедра доценттері, медицина ғылымдарының кандидаттары, акушер-гинеколог және педиатрлар өз пікірлерімен бөлісті.15 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ана мен бала денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үлкен. Орталықтан ай са­йын ана мен бала денсаулығына байланысты «Отбасында сә­биге күтім жасау», «Болашақ ата-аналарға кеңес», «Жүктіліктің жайсыз белгілері», «Саламатты отбасын құрамыз» тәрізді ақпа­раттық-танымдық құралдары тегін таратылады. Сонымен бірге, семинарлар, кең ауқымды акциялар, тренингтер, дөңгелек үс­телдер өткізу дәстүрге айналған. Қорыта айтқанда, қазір халықтың, оның ішінде ана мен баланың денсаулығын жақсар­ту үшін саламатты өмір салтын насихаттау өте маңызды.Дегенмен, еліміздің әрбір азаматы тек медициналық ақпа­ратпен және медициналық көмекпен шектеліп қана қалмай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек екенін ұмыт­пағаны абзал.Жанат ТОҒАЙБЕКОВА,Оңтүстік Қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры.