Турнирдің шешуші матчы Абу-Дабиде өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. Катарлықтардан 12-ші минутта Али Алмоез, 27-ші минутта Абдулазиз Атем гол салса, 83-ші минутта Акрам Афиф пенальтиді дәл орындады. Ал Жапония сапынан Такуми Минамино 69-шы минутта мергендігімен көзге түсті.
Катар құрамасы өз тарихында алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды. Жапондар финалда бірінші рет жол беріп отыр, Бұған дейін "Күн шығыс елі" төрт мәрте кубок иесі атанға еді..
Биылғы Азия кубогына алғаш рет 24 құрама қатысып отыр. Бұған дейін турнир екі жылда бір рет өткізілетін, қазір төрт жылда бір ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 2022 жылғы Әлем чемпионаты Катарда өтеді.