• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2010

“ЖОЛ КАРТАСЫ”: НЕ АТҚАРДЫҚ? НЕ АТҚАРЫЛАДЫ?

1025 рет
көрсетілді

Өткен жылы “Жол картасы” ая­сын­да облыста инвестициялық ба­ғыттар бойынша 276 жобаны іске асы­руға республикалық бюджеттен – 5617,2 млн. теңге, жергілікті бюд­жеттен – 1627,3 млн. теңге, бар­лығы 7244,5 млн. теңге бөлінді. Осы бө­лінген қаражат үстіміздегі жыл­дың 1 қаң­тарына толығымен игерілді. Өткен жылы облыста 58424 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 12746 адам, әлеу­мет­тік жұмыс орындарына – 5223, жас­тар тәжірибесіне – 3218, тұ­рақ­ты жұ­мыс ор­ындарына – 5034, бос жұ­мыс ор­ындарына – 9433, уа­қытша мерзімдік жұмыстарға – 16377, ақылы қо­ғам­дық жұмыстарға –5794 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 94 нысаналы топтағы жұмыссыз жұ­мысқа орналастырылды. Осы мақ­сат­қа республикалық бюджеттен қа­рас­тырылған 288,0 млн. теңгенің, 4,4 млн. теңгесі уәкілетті органдарға ау­да­рылды, оның 1,0 млн. теңгесі иге­рілді. Кәсіпорындар мен ме­ке­ме­лермен 16 келісім-шарт жасалынды. Ал “Жастар тәжірибесі” бағ­дарла-масы бойынша жоғары және ар­наулы оқу орындарын бітірген 24 жас­қа дейінгі еңбек тәжірибесі жоқ 3000 түлекті жұмыспен қамту мақ­сатында 360,0 млн. теңге қаралды. “Жастар тәжірибесі” бағдар­ла­ма­сына респуб­ли­калық бюджеттен бө­лінген 360,0 млн. теңгенің 17,5 млн. теңгесі уә­кілетті органдарға ауда­рылды, осы ау­дарылған қаражаттың 3,0 млн. тең­гесі игеріліп, 443 оқу орын­дарын бі­тірген түлектер жұ­мыс­пен қамтылып отыр. “Жастар тә­жірибесі” бағ­дар­ламасы бойынша 182 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалынды. Биылғы жылға арналған ай­мақтық жұмыспен қамту стра­те­гия­сы – “Жол картасын” іске асыруда об­лыс­та бірқатар шаралар қа­был­дануда. “Жол картасы” ин­вес­ти­циялық жо­баларын іске асыруға бар­лығы 8 млрд. 598,1 млн. теңге қар­жы қаралып, оның ішінде рес­пуб­ликалық бюд­жет­тен – 5 млрд. 223,9 млн. теңге, жер­гі­лікті бюд­жеттен – 3 млрд. 374,2 млн.­ теңге бөлініп отыр. Сөйтіп, “Жол картасы” бойынша барлығы 207 жо­ба іске асырылатын болады. Ай­мақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стра­тегиясы инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша 31600 жұмыс ор­ны құрылады деп жоспарлануда. Оның ішінде “Жол картасының” инвестициялық жобалары бо­йынша – 8489, әлеуметтік са­лада – 2572, “Жастар бағ­дар­ламасы” бойынша – 3251, тұрақты – 5193, уақытша – мерзімдік – 10000 жұ­мыс орны ашылып, ақылы қо­ғам­дық жұмысқа 2116 адам тар­ты­ла­ды. “Жол картасының” бағыт­та­рына тоқталатын болсақ, бі­рін­шіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйелерін қайта жаңғырту мен дамыту бойынша 33 нысанға республикалық және об­лыс­тық бюджеттен барлығы 2 млрд. 933,9 млн. теңге қаржы қа­ра­лып, 2117 жұмыс орны құ­ры­ла­ды. Екіншіден, жергілікті мән­дегі ав­томобиль жолдарын жөндеу бо­йынша 71 нысанға 2 млрд. 519,4 млн. теңге қаржы қаралып, онда 2294 жұмыс орны ашылмақ. Үш­ін­шіден, мектептерді, ауру­ха­на­лар­ды және басқа да әлеуметтік ны­сандарды жөндеу мен жы­лылауға, 33 білім беру нысанын жөн­деуге 1 млрд. 240 млн. теңге қаржы қа­рал­ған. Бұл жұмыс - 1696 жұмыс ор­нын құрайды. 12 денсаулық сақтау ны­санын жөндеуге 600 млн. теңге қаралып, онда 821 адам жұмыс істейтін болады. 4 спорт нысанын жөн­деуге 100 млн. теңге бөлініп, онда 138 жұмыс орны ұйым­да­с­ты-рылады. 2 мәдениет нысанын жөн­деуге 116,8 млн. теңге бөлініп, 162 адам жұмыспен қамтылмақ. Төртіншіден, ауылдық жерлердегі басымды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға байланысты 12 ауылдық клубты жөндеуге 437,2 млн. теңге қаралып отыр. Бұл игі­лік­ті іске 601 адам жұмысқа тар­ты­лады. Ауылдық жердегі 40 су ша­руа­шылығы каналын жөндеуге 650,8 млн. теңге қаралған. Мұнда 660 адам жұмыс істемекші. Бұл үс­ті­міздегі жылы атқарылатын жұ­мыс­тардың ауқымды екенін көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін барлық жобалар бойынша 171 нысанның құжаттамасы сарапатамадан өт­кі­зіл­се, 25 нысанның құжаты са­рап­тамада жатыр. 11 нысан бойынша құжаттар дайындалуда. Міне, осы құжат­тамаларды са­раптамадан өткізуде сыл­бырлыққа жол беруге болмайды. “Жол картасы” бойынша 2010 жылға Жамбыл облысына рес­публикалық бюджеттен 2400 әлеу­меттік жұмыс орындарын ашуға 288,0 млн. теңге қаржы қаралды. 4595 адамды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 581,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыс тө­мен­де­гідей 3 бағыт бойынша жүр­гізіледі. Бі­рінші, “Жол кар­та­сы” жобаларын іске асыру үшін 2195 адамды қайта даяр­лау; екінші, экономика салалары сұ­ра­ны­сын ескере отырып 11-ші сы­ныпты бітірген түлектер ара­сы­нан мем­лекеттік білім беру тап­сырысын ұл­ғайту арқылы тех­ни­калық және қыз­мет көрсету кадр­ларын даярлау бо­йынша – 2300 адам; үшінші, ең­бек на­рығында сұранысқа ие ма­ман­дарды қайта даярлау (шетелдік м­а­ман­дарды қазақстандықтармен ал­мас­тыру) бойынша – 100 адам да­йын­далады. Елбасымыз биылғы Жол­дау­ын­да “Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жыл­ды­ғын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата” дей келіп, әкелеріміз бен аталарымызға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бей­біт өмірді қамтамасыз еткені үшін құрмет көрсетілетінін атап айтты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайын­дық­ты өткізу туралы жа­сал­ған іс-ша­ралар бойынша рес­пуб­ликалық бюд­жет­тен Ұлы Отан соғысының қа­ты­су­шылары мен ардагерлеріне, оларға теңес­тірілген тұлғалар мен соғыста қайтыс болған жауынгерлердің екін­ші рет некеге тұрмаған же­сір­леріне, соғыс жылдары тылда еңбек еткен аза­маттарға бір жолғы материалдық көмекке – 12686 адамға 293,1 млн. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде 838 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 65 мың теңгеден, осы санаттағы тұл­ғаларға теңестірілген 146 адамға 25 мың тең­ге­ден, соғыста қайтыс бол­ған жа­уын­герлердің екінші рет не­кеге тұр­маған 1130 жесіріне 25 мың тең­ге­ден, соғыс жылдары тыл­да еңбек еткен 10572 адамға 10 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар, Жеңістің 65 жыл­дығына облыстық бюджеттен 50,0 млн. теңге қаралды. Таратып айт­қанда, ҰОС-ның мүгедектері мен ар­дагерлеріне – 14 мың тең­ге­ден, олар­ға теңестірілген тұл­ғаларға – 6 мың теңгеден, соғыста қайтыс бол­ған жауынгерлердің екінші некеге тұр­ма­ған жесірлеріне – 6 мың тең­геден, соғыс жылдары тылда еңбек еткен аза­­маттарға 3 мың теңгеден беріледі. Тараз қаласы мен аудан бюд­жет­терінен жоғарыдағы көрсетілген са­наттағы 9114 адамға 40,9 млн. теңге қа­растырылып отыр. Ал респуб­ли­калық бюджеттен ТМД ел­дері мен Мәскеу, Астана қа­лалары мен Қа­зақ­стан аумағына темір жол және әуе жол­дарымен жүретін 1853 ҰОС мү­ге­дектері мен ардагерлеріне 21,7 млн. теңге жол ақысын төлеу қарас­ты­рыл­ды. Демек, атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқмейілсімей, алдағы үлкен жобаларды абыроймен жүзеге асыруға көппен бірге біз де ат салысамыз. Қаржаубай БЕКБОЛАТОВ, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды ­үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар ­­­департаментінің директоры. Тараз.