• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Шекарашылар 2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек тауып алды

549 рет
көрсетілді

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында 2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек табылды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып, тайып отырса керек. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», делінген хабарламада.