• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2012

Біз – көк туды желбіреткен татарлармыз

440 рет
көрсетілді

Біз – көк туды желбіреткен татарлармыз

Жұма, 26 қазан 2012 7:29

Ұлы халық әрқашанда ұлы­лы­ғын істейді. Кеңқолтық қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы ар­мандаған Тәуелсіздігіне қол жет­­кізгеннен кейін Елбасының бас­та­масымен Қазақстан халқы Ас­сам­блеясын құрып, оның тізгінін Тұңғыш Президентіміз Нұр­­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі ұстады. Бұл республиканы ме­кендейтін сан алуан ұлт пен ұлыстың алаңсыз тіршілігін қам­та­ма­сыз етіп, өзінің қымбат дәс­түр­лерін сақ­тауы­на, ұрпақ бола­ша­ғына деген сенімін нық­тауға мүмкіндік берді. Қазақстан Рес­публика­сы­ның әлемді аузына қа­ратқан қа­дам­дарының басты­сы да осы еді. Тәуел­сіз­ді­гі­міздің 20 жылдық тәжірибесі, еліміздің қысқа мерзімде гүлденіп-көр­кеюі күн сәулелі шаңыра­ғы­мыз­дың беріктігі мен биіктігін төрт­күл дүниеге паш етуі де сон­дық­тан.

Жұма, 26 қазан 2012 7:29

Ұлы халық әрқашанда ұлы­лы­ғын істейді. Кеңқолтық қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы ар­мандаған Тәуелсіздігіне қол жет­­кізгеннен кейін Елбасының бас­та­масымен Қазақстан халқы Ас­сам­блеясын құрып, оның тізгінін Тұңғыш Президентіміз Нұр­­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі ұстады. Бұл республиканы ме­кендейтін сан алуан ұлт пен ұлыстың алаңсыз тіршілігін қам­та­ма­сыз етіп, өзінің қымбат дәс­түр­лерін сақ­тауы­на, ұрпақ бола­ша­ғына деген сенімін нық­тауға мүмкіндік берді. Қазақстан Рес­публика­сы­ның әлемді аузына қа­ратқан қа­дам­дарының басты­сы да осы еді. Тәуел­сіз­ді­гі­міздің 20 жылдық тәжірибесі, еліміздің қысқа мерзімде гүлденіп-көр­кеюі күн сәулелі шаңыра­ғы­мыз­дың беріктігі мен биіктігін төрт­күл дүниеге паш етуі де сон­дық­тан. Тағдырлас ха­лықтардың қи­ын-қыстау кезеңдерде сы­нал­ған, қуаныш-думанда нығайған дос­ты­ғы құ­рыш­тай берік екендігіне тәубе қыламыз. Об­лы­сы­мыз­да­ғы 40-тан астам ұлт өкілі өзіне жүк­телген қастерлі міндетке әр­қа­шан адал бо­лып, жасампаздық үлгі шашып отырғаны ғанибет.

Біздің ата-бабаларымыздан тараған ұрпақтың қазақтың киелі жерінде тұрып жатқанына 160 жылдан асып барады. Татар хал­қы­ның тағдыры қазақтың мәде­ние­тімен, тұрмысымен және ша­руашылық жүргізу ісімен тығыз бай­ланысты. Сонау 1850 жыл­дар­дың басында Көкше жеріне қоныстанған елушақты татар от­басының бірде-бірі аттың ба­сын кері бұрып, өзге жақтан жер­ұйық іздемегені де сон­дық­тан. Бүгінгі күні де солай. Іргеміз сөгіліп көрмеген. Өйткені, біз – қазақ халқымен бірге Қа­зақстан тәуелсіз­дігін құрысқан халықпыз. Тәуелсіздік сан түрлі ұлт пен ұлыстың мәдени құн­ды­лықтарын жаңғыртуына мүм­кін­дік берді.Бірлестігімізді атақты жерлес ағамыз, Татарстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Ибрагим Салахов құрған бо­ла­тын. Ол кісі сұлу Көкшесін жа­нын­дай жақсы көр­ді. Сая­си қуғын-сүргінге ұшырап, «Колыма қасі­реті» романын жазғандағы сағынышы жан сыз­датса, «Көкшетау дала­сында» тарихи хи­кая­­тын оқы­ған­да кеудеңізді туған жерге деген махаббат сезімдері кернейді. Сондай-ақ, бү­гін­гі күні қол жеткізген табыстарымызды Хәкім Малдыбаев, Рашид Ғайнуллин, Фарук Курмаев, Рауф Ақбердин секілді белгілі азамат­тар­дың есімдерімен де байланыстыра­мыз. Олар­дың ұлт ынтымағын ұйыстыру­да­ғы еңбектері әрқа­шан жадымызда. Жас ұрпақ сол үлгі-өнегені заман талабына сай жаңғыртуда.Бірлестігіміздегі «Ғалияба­ну», «Яшлек» ән-би ансамбльдері республикамызға кеңі­нен та­нымал әрі шетелдік мәдени сапарларда Қазақстан даңқын шы­ға­рып жүр десем, артық айтқан­дық емес. Ардагерлер ұйымы­мен қатар, жастардың саяси пікірталас клубы белсенді жұмыс істеуде. Аға буын ұлттық салт-дәстүр, ырым-жоралғылар, мә­де­ни құндылықтар бағытында көп еңбек­тенсе, жастар жағы Қа­зақстан болашағының кірпіші болып қалануға тырысып жүр. Әсіресе, «Достық-Дружба» жур­­на­лының тілшісі Ринат Дусумов, облыс­тық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ди­рек­торының орынбасары Дана Жантемірова, «Жас ұрпақ» қозғалысының көшбасшысы Ильдар Абзалимов, Фарит Ахметов, Зарина Усманова, ұлттық спорт өнерінің жан­ашы­ры Ульфат Ус­манов бірлестік тарапы­нан қой­ылған тапсырмаларды тия­нақтап орын­дайтынымен риза етеді.Кеңес өкіметінің орыстан­ды­ру саясаты түркі халықтарының ішінде ең алдымен татарларды шарпығаны белгілі. Біз ұзақ жыл­дар ұлттық мейрамымыз – «Сабантой­ды» көңілдегідей етіп тойлай алмай жүрдік. Сол тойымыз Ақмолада егемендіктің ал­ғаш­қы жылында-ақ дүркіретіп өткізілді. Еге­мен­діктің 20 жыл­дығындағы дәстүрлі мерекелік шаралардың ауқымы кеңейіп, ел-жұрттың ризашылығын ал­дық. Оған Бурабай мен Степ­но­гордағы филиалдарымыз да белсенділікпен қатысты.Осыдан біраз жыл бұрын Ресей теле­ар­на­сы этномәдени бірлестігіміз жайлы менімен сұхбат жүргізді. Бүгінгі әңгімемді сон­да­ғы айтылған түйін-тұжы­рым­мен аяқтасам деймін: Біз, татар халқы, өзіміздің Отанымыз Қа­зақ­станда білім алуға, еңбек етуге, тіліміз бен ділімізді сақтауға, қоғамдық өмірдің әр саласында өз деңгейімізді танытуға толық­қан­ды мүмкіндігіміз бар. Осы­ның бәрі үшін қазақтың дарқан даласы мен кең пейіліне риза­мыз. Лайым солай болғай!

Фарук БОГАПОВ,Ақмола облыстық татар этномәденибірлестігінің төрағасы.

Ақмола облысы.