• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Екінші сынып оқушысы ұлттық нақыштағы саябақтың үлгісін ойлап тапты

621 рет
көрсетілді

Әл-Фараби мектеп-лицейінің екінші сынып оқушысы ұстазының бастамасымен, туған-туыстарының көмегімен ұлттық нақыштағы  саябақтың үлгісін жасап шығарды.

Идея қалай туды дегенге келетін болсақ, былай. 30 жылдық жұмыс өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Темірболатова ата-аналардың кезекті жиналысында  баланың ұшқыр қиялына ерік, шығармашылық ізденісіне шабыт беретін, қарым-қабылетін ашатын үйірмелердің маңызын түсіндіре келіп ұл-қыздарымен бірлесіп бір-бір жұмыс жасап әкелу жөнінде өтініш айтады. Білікті ұстаздың тапсырмасы лезде орындалып,  көздің жауын алатын небір жобалар ұсынылады. Олардың арасынан  спорт пен білімді қатар алып жүрген  Нұржан Шәмілдің әке-шешесімен бірігіп әзірлеген  туындысы өзіндік  орындалу ерекшілігімен , көркемдік шеберлігімен  жұртшылық назарын еріксіз аударады.

Өнерлі отбасының қолынан шыққан ұлттық нақыштағы саябаққа  «Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» деген тамаша атауды әпкесі берсе, әкесі Жанболат күн энергиясынан қуат алатын бағаналарды жасаған. Анасы Гүлжан гүл өсіретін аумақты әзірлеген. Ұжымдық еңбектің негізгі авторы Нұржан  айналаны көркейткен. Оның идеясы бойынша ортаға тілек алтыбақаны орнатылған.    

Бала қиялы шексіз ғой. Кішкентай  өрен облыс орталығында  осы үлгіге ұқсас саябақ орын тепсе деген  арманын жасырмайды. Шынында да ұлттық реңі солғын шахарда орналасқан демалыс орындары бір-бірінен аумайды, егіздің сыңарындай ұқсас.  Кеңестік кезеңді еске салатын ескерткіштер көп. Несі бар, озық ойлы балақайдың иіні қанған идеясы жас отау иелерінің ғашықтық, пәк, адал сезімін айшықтайтын символдық белгісіне ұқсатылып,  тәуелсіздіктің тәбәрігіндей өзгеше талғаммен, талаппен бой көтеріп, атына заты ай әйгіленіп тұрса,  еш артықтық етпейді. Билік тұтқасын ұстап  отырған ағаларының назарына ілініп,  «Жастар жылы» аясында бой көтеріп жатса, құба құп болар еді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Петропавл