• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2019

Үстел теннисінен ел Спартакиадасының қола жүлдегерлері анықталды

544 рет
көрсетілді

Астанада үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аясында ерлер мен әйелдер арасындағы қола жүлдегерлер анықталды деп жазады Olympic.kz.

Жақында ғана 14 жасқа толған шымкенттік Сарвиноз Мірқадырова ұлттық құрама үздіктері Гүлчехра Хусейнова мен Айя Әлімбаеваны жеңіп, Зәуреш Ақашевадан ұтылды. Биылғы маусымды Сарвиноз жоғары нәтижемен бастап отыр. Қаңтарда өткен ұлттық құрамаға іріктеу сынында күміс жүлдегер атанған ол енді қоланы еншіледі. 

Екінші қола медальді Батыс Қазақстан облысының түлегі Гүлчехра Хуйсенова иеленді. Алтын жүлде тағдыры Анастасия Лаврова (Астана) мен Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) арасындағы матчта шешілмек. 

Ерлер арасында чемпиондық атақты астаналық Кирилл Герасименко мен ШҚО өкілі Денис Жолдуев сарапқа салады. 

Үшінші орында Тимур Келбұғанов (Алматы) пен Бекұлан Жамал (Шымкент).