• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2012

Сыйластық сыры

415 рет
көрсетілді

Сыйластық сыры

Бейсенбі, 25 қазан 2012 7:19

Біздің чешен халқынан шыққан әлемге танымал оқы­мысты, саясаткер, қоғам қай­рат­кері Абдурахман Авгорханов – сталиндік режімге қарсы шыққаны үшін бүкіл өмірі қуғын-сүргінге ұшырап, шет елге өтіп кетуге мәжбүр бол­ған адам. Сол кісі 1992 жылы Германияда тұрып жатқан қа­зақтармен жолыққанда дүйім жұрттың алдында: «Қазақтар­дың біздерден, яғни кавказ­дықтардан айырмашылығы – әлдеқайда шыдамды, ұстамды, бейбітшіліксүйгіш халық. Бұл уақытша ғана. Ал, егер ұлтқа немесе олардың жеріне кәдім­гідей сорақы қауіп төніп тұр­ған болса, осы сәтте олардың бойын ата-бабаларынан сіңген күрескерлік рух кернеп кетеді.

Бейсенбі, 25 қазан 2012 7:19

Біздің чешен халқынан шыққан әлемге танымал оқы­мысты, саясаткер, қоғам қай­рат­кері Абдурахман Авгорханов – сталиндік режімге қарсы шыққаны үшін бүкіл өмірі қуғын-сүргінге ұшырап, шет елге өтіп кетуге мәжбүр бол­ған адам. Сол кісі 1992 жылы Германияда тұрып жатқан қа­зақтармен жолыққанда дүйім жұрттың алдында: «Қазақтар­дың біздерден, яғни кавказ­дықтардан айырмашылығы – әлдеқайда шыдамды, ұстамды, бейбітшіліксүйгіш халық. Бұл уақытша ғана. Ал, егер ұлтқа немесе олардың жеріне кәдім­гідей сорақы қауіп төніп тұр­ған болса, осы сәтте олардың бойын ата-бабаларынан сіңген күрескерлік рух кернеп кетеді. Сөйтіп, өз жері, өз халқы үшін шыбын жанын қиюға дейін барады. Мұны олар тарихта әлденеше рет дәлелдеді», деп айтқан. Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным, тағдыр­дың жазуымен қазақ жеріне келіп туып-өскеннен кейін осы ел адамдарымен туыс, дос, бауыр болып, жақсы сыйласамын. Қазақ халқының адами қасиетіне бас иемін. Жүрген ортамда адал, патриот, кіші­пе­йіл болып өсуіме қазақ бауыр­ларымның тигізген пайдасы зор. Осындай адамгершіліктің бастауына айналған қазақы құндылықтарды әрдайым ой елегінен өткізіп отырамын.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Менде бір ғана Отан бар. Ол – Қазақстан. Жекелеген азаматтар секілді екінші отаным деген сөз менің аузымнан шыққан емес. Шық­пай­ты­нына да бек сенімдімін. Бала­ларымның барлығы қазақ ті­лінде таза сөйлейді. Бір қы­зым­­ның домбыра тартатынын мақтан тұтамын. Біле білсеңіз, бұл ұлттық өнерге тәу етіп, құрметтеу, сыйлау, ең бастысы – бағалап, қадіріне жете білу емес пе?! Негізі, жүрек қала­уы­мен таңдап алған маманды­ғым журналист. Сондықтан ба екен, әйтеуір қазақ тілін жетік біліп, таза сөйлеумен шектелмей, кейбір орталарда қазақтар жұрттың назарын өздеріне аудара өзара орыс тілінде сөй­лесіп тұрғандарын көрсем, сол адамдармен әуелі қазақ тілінде амандасамын. Сұңғыла, мәде­ниетті жандар болса, бірден әңгімелерін ана тілінде жал­ғас­тыра қояды. Мұны жеке басымның патриоттығы деп қана бағаламай, мемлекеттік тілді дамытуға құдды қарлы­ғаштың қанатымен су сепкендей септігімнің тигені деп білемін.Қорыта айтқанда, қадір­мен­ді мұсылман қауымы, сіз­дер­ді өзімнің және қандаста­рым – чешендердің атынан Құрбан айт мейрамымен шын жүрегімнен құттықтаймын.Атсалим ИДИГОВ,Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.Алматы облысы.