Чехиялық футболшы Юрий Медведев алдағы уақытта Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында ойнауы мүмкін. Қазіргі кезде бірқатар басылымдар осындай ақпарат таратуда.
Негізі бұл жігіттің бізге бөтендігі жоқ. 1996 жылы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының орталығы – Бадамша ауылында дүниеге келген ол үш жасында ата-анасымен бірге Чехияға қоныс аударады. Сол жақты жүріп, футболмен шұғылданады.
13 жасында Юрий Медведев Пльезннің «Виктория» клубы скауттарының көзіне түседі. 2015 жылы Соколовтың «Банигінің» сапында өнер көрсетеді. 2017 жылы Словакияның «Сеницасында» ойнаса, 2018 жылдан бері Братиславаның «Слован» командасының намысын қорғауда. Амплуасы – қорғаушы. Бойы – 180 сантиметр, салмағы – 74 келі. 2014-2015 жылдары Медведев Чехияның құрамасы сапында төрт рет жасыл алаңға шықты.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»