Жаңа № 320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан басталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгіннен бастап, 2019 жылдың 4 ақпанынан жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады.
«Жаңа № 320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика даңғылымен Сүйінбай көшесіне дейін, одан әрі Қосшы ауылының сол жағымен «Муслим» дүкен-кафесіне дейін жүреді», деп хабарлайды «Астана LRT» компаниясы. Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды.