• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Өрт кезінде қайтыс болған 5 баланың ата-анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр

510 рет
көрсетілді

Көктал-1 ауданында тұратын бес баланың өліміне байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде жедел брифинг өткізді.

«Ең алдымен Астанада түнде болған өрт салдарынан 5 адам қайтыс болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Олардың барлығы – қыздар. Ең үлкені – 13 жаста, ең кішісі – 3 айлық»  деді Юрий Ильин.

Ол осы қайғылы оқиғаның болу себебіне қысқаша тоқталды. Көктал-1 мөлтек ауданы, Шыңғыстау көшесіндегі 5-үйде түнгі сағат 2-ден 34 минут кеткенде Өрт қауіпсіздігі қызметіне көрші үйден хабар жетеді.

Хабарламаға сәйкес, Астана қаласының арнайы мамандандырылған 3 құтқару бөлімшесі жіберілген. Тиісінше, 15 қызметкер жіберіледі және 2 минуттан кейін жедел жәрдем стансасына, полицияға, сондай-ақ өзара әрекеттесу қызметіне хабарланады.

Өрт бөлімшесі мен оқиға болған жер аралығы, Юрий Ильиннің айтуынша, шамамен 4 километрді құрайды. Екі аралықты жүріп өту уақыты - 7 минут. Ал, қала құрылысын ескерсек, 10 минутқа дейін созылады. Өрт шамамен 30 шаршы метр аумақты қамтыған.