• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2019

Омбыда ауа райының қолайсыздығынан спорттық жарыстар кейінге шегерілді

522 рет
көрсетілді

Ресейдің Омбы қаласында ауа райының қолайсыздығынан аймақтағы спорттық іс-шаралар кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Регнум» хабарлады.

«Лыжная России», «Қысқы спорт күні» шаралары кейінге шегерілді.

«Өкінішке қарай, ауа райының бұзылуы 9 ақпан күні «Лыжная Россия» жарысын өткізуге кедергі келтіріп тұр. Ұйымдастыру комитеті шараның 16 ақпан болатынын хабарлады. Тіркелу мерзімі де 14, 15 қазанға шегіндірілді» деді Омбы облысының Спорт министрі Дмитрий Крикорьянц.

Омбыдағы жарысқа 4000 адам қатысады деп жоспарланған. Тағы 4000 спортшы Омбы облысының басқа аудандарында бақ сынасады.

Қысқы спорт күні 17 ақпан «Красная звезда» стадионында өтеді.

Ресей БАҚ-тары бұған дейін Омбы облысында ауа райының салқындайтынын хабарлаған болатын. Сынап бағанасы 30-35 градусты көрсетуде. Кейбір аудандарда -40 градусқа дейін жеткен. Синоптиктердің болжауынша, аязды күндер 8 ақпанға дейін созылуы мүмкін.