• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауыл 06 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда жолдарды бақылау күшейтілді

521 рет
көрсетілді

 Ауа райының күрт суытуына байланысты жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық, жергілікті жолдарды жіті бақылауға алды.

 Облыс аумағында  жолдарды қадағалауға күн сайын  15 экипаж шығады. Оларға қойылған  басты міндет – жүргізушілердің және автокөлік жолаушыларының  үскірік аяз бен қар құрсауында қалуын болдырмау. Экипаждардың бірі «Жезқазған-Петропавл» автожолы бойында Омбы қаласынан Қостанай облысына жүк тасымалдап бара жатқан Volvo жүк көлігінің тоқтап тұрғаны байқап, көмекке келген.  Қозғалтқыш істен көлік тиісті жерге жеткізілген.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне, жаяу бұрқасынның жүруіне байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» жолы жабылып, кезекшілік, сақтық шаралары  күшейтілді. Кей жерлерде шектеу қойылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүтік Қазақстан облысы.