• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Ақпан, 2019

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толықтай е-ПИК жүйесіне қосылған

580 рет
көрсетілді

Арнайы жобаны аудан әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

«Есіл ауданының тұрғын үй қоры толығымен е-ПИК жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда келісім-шарттар бекітіліп, қызмет көрсетуші ұйымдардың барлығы бірыңғай жүйеге қосылды. Жоба тұрғындардың ыңғайлылығы үшін жұмыс істеп, қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді», – деді халыққа есеп беру кезінде аудан әкімі Төлеген Закарьянов.

Оның келтірген мәліметіне қарағанда, ауданда 482 көп пәтерлі тұрғын үй бар. 2017-2018 жылдары ауданда орналасқан апаттық жағдайдағы 22 үйдің 15 сүрілген. Бүгінгі таңда ауданда апаттық жағдайдағы 7 үй бар.

2018 жылы ПИК күшімен мақсатты алымдардың есебінен үйлердің подъездерінде, жабындарында, жылу тораптарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14 тұрғын үй кешенінің қасбеттері қалпына келтірілді.