• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2012

Ортақ қазына

415 рет
көрсетілді

Ортақ қазына

Жұма, 5 қазан 2012 7:19

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын дамудың қозғаушы күші – жастар екені белгілі. Біз, жастар, бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылатын болсақ, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі, ынтымағымыз бен бірлігіміз де нығаяды. Сондықтан «біз – тілегі мен тілі бір қазақстандықпыз» деген ортақ идеяны ұстануымыз қажет.

Жұма, 5 қазан 2012 7:19

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын дамудың қозғаушы күші – жастар екені белгілі. Біз, жастар, бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылатын болсақ, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі, ынтымағымыз бен бірлігіміз де нығаяды. Сондықтан «біз – тілегі мен тілі бір қазақстандықпыз» деген ортақ идеяны ұстануымыз қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сес­сиясында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Бұдан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қазақ тілінің рөлі күшейе бермек. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді, ең ал­дымен, біздің балаларымыз білулері қа­жет» деп, – атап өткен болатын.

Қазіргі кезде экономикасы қарыштап алға басқан елдер дамудың жоғары сатысына көтерілуде. Данышпан Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – деген екен. Көк­жие­гімізді кеңейтіп, өзгемен тереземіз тең болуы үшін, әлемдік бәсекеде үлкен беделге ие болу үшін де ғылым-біліммен қарулануымыз керек. Оған тек тілдерді меңгеру арқылы ғана жетеміз. Олай болса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгерген бәсекеге қабілетті маман атану – бәріміздің негізгі мақ­саты­мызға айналуға тиіс.

«Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі бас­қа болса да, тілегі бір» біздер – Қазақстанның жарқын болашағымыз. Әрбір жас тәуелсіз еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты жауапкершілік жүктейтінін жан-тәнімен сезінуі керек.

Қазақстанда тұратын әрбір өзге ұлт өкілі қазақ тілін білуге, қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге міндетті. Өзін Қазақ­стан­ның болашағымын деп ойлайтын әрбір өзге ұлт өкілі, осы мемлекетіміздің ертеңі үшін, жаны, жүрегі ауырып, осы елдің, қазақ жерінің патриоты болуы керек.

Осы елде тұрып жатқан барлық ұлттар үшін қазақ елі ортақ, жері ортақ болғаннан кейін оның тілі де ортақ боларына кәміл сенеміз. Қазақ тілін дамыту да, оның қолданыс аясын кеңейту де – қолымызда.

Николай СМОЛИН.

Қарағанды облысы.