• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2019

Теміржолшылар ауа райына байланысты айрықша режимде жұмыс істеп жатыр

426 рет
көрсетілді

Бұрқасын мен қардың қалын түсуінен, қатты аяз жағдайында әуерейстері мен автомобиль жолдары жабылатындықтан, теміржолшылар қала маңы бағыттарды қоса алғанда, барлық бағыт бойынша жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды жалғастырып жатыр.

Теміржол төсенішін қардан аршу жөніндегі жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп келеді. Өткен тәулік ішінде теміржол желілерінен 20 мың текше метр қар тазартылды. Шамамен 3500 км теміржол төсеніші қардан аршып алынды. Бұл жұмыстарға 2700 теміржолшы жұмылдырылды. Магистральдық желілерге барлық қартазарту және қарданаршу техникаларымен 73 шығу жүзеге асырылды. Семей бөлімшесі магистральдық желісінде қардан тазарту үшін жол монтерлерінен өзге, сондай-ақ көршілес теміржол кәсіпорындарының жұмысшылары да тартылды.

Локомотивтер мен вагондарды пайдалану деполарында жүк және жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсету барысына бақылау қатандатылды.    

Тәулік ішінде кейбір бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарына қосымша 24 вагон тіркеу ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде теміржолшылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен көлік компаниялары арасындағы Кешенді өзара көмек жөніндегі меморандум нормаларды және Ережені басшылыққа алады. Бұдан басқа, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде ТЖ Басқармасымен бірлескен іс-әрекеттер қабылданады.

Ауа райының қолайсыздығын есепке ала отырып, теміржолшылар теміржол инфрақұрылым нысандарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және барынша абай болуға шақырады. Атап айтқанда, темір жолдарды  арнайы жасақталған орындардан өту керек.