• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауыл 06 Ақпан, 2019

«IT-кабинет» әр ауылдың мектебінде болуы қажет

938 рет
көрсетілді

Семей қаласының әкімі  Ермак Сәлімов ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізуде.

Семей қаласының әкімі  Ермак Сәлімов ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізуде. Қала сыртында 10 ауылдық округ бар. Проблемалары да шаш-етектен. Осы ауылдарды үш күн ішінде аралап үлгерген қала басшысы көптеген мәселелерді шешу керектігін анықтады. Әсіресе, ауыл мектептеріне робототехника мен ІТ сыныптар ашу қажет екен.

-Құрметті ауыл тұрғындары, біз бұл мәселеден хабардармыз, биылдан бастап сіздердің ауылдағы мектептерде заманауи кабинет болуы  үшін бюджетке қаражат бөлгіземіз,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-ауыл мектептері Назарбаев мектебінің үлгісінде дамитын болады. Бұның барлығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен қолға алынады.

Айта кету керек, ауыл мектептерін жөндеу де аса қажет екен. Тұрғындардың бұл өтінішіне құлақ асқан әкім Ермак Сәлімов төрт ауылдың мектебіне бюджеттен 11 миллион теңге бөлінгенін айтты. Содан соң тұрғындар өтініші бойынша, ауылдағы мәдениет үйлері мен клубтар да назарға алынбақ.

-Қазіргі уақытта  13 ауылда клубтар және бір ауылда Мәдениет үйі бар,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-бұлардың барлығына сіздердің тілектеріңізге орай, музыкалық жабдықтар мен сахналық костюмдер алмақпыз. Дәл қазіргі уақытта Знаменка, Айнабұлақ, Приречное, Жарқын, Шақаман, Ақбұлақ, Алғабас, Бөкенші, Қайнар ауылдарына 2 миллион 700 мың теңгеге мәдениет саласы бойынша көмек көрсетілді. Шүлбі ауылындағы кітапхана жөнделді.

Әкіммен кездесуде тұрғындар Қайнар және Мұқыр ауылдарына кітапханаға кітаптар алу үшін қаражат бөлінетіндігін естіп риза болды. Ауылда мал шаруашылығы дамып келеді. Ауыл шаруашылық өнімдері 6,1  пайызға өскен. Приречное ауылдық округінде ірі қара малы 14 пайызға артса, ұсақ мал 58 пайызға, ал Новобаженово ауылдық округінде жылқы 25 пайызға артқаны, қанша дегенмен қарапайым ауыл халқының адал еңбегі деуге толық негіз бар.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

Семей