• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2019

Шажа өзенінде су электр стансасы салынып жатыр

1053 рет
көрсетілді

Алматы облысының Ескелді ауданы аумағындағы Шажа өзенінде қуаттылығы 25,8 МВт болатын су электр стансасының құрылысы басталды.

Өткен жылдың соңыңда басталған жұмыс қазір қарқынды жүріп жатыр.  Бүгінде станса қызметкерлеріне арналған арнайы қалашықтың іргесі қаланды.

- Шажа өзенінде орналасқан ГЭС қуаттылығы 29 МВтқа жетеді деп отырмыз. Жобаның жалпы  құны 9,3 миллиард теңге шамасында. Нәтижесінде 18 адамға тұрақты жұмыс орыны ашылды. Қазіргі уақытта станция қызметкерлерінің жұмыс істеуіне арналған қалашықтың құрылысы аяқталуға жақын, - дейді Ескелді ауданының әкімі Бағлан Тәнекенов.

Жалпы өткен жылы Ескелді ауданына 8 млрд 14 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған. Оның ішінде жалпы сомасы 11 млрд.теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асыру 4 меморандумға қол қойылыпты. Шажа өзеніне салынатын су электр стансаныңы құрылысы сол келісімнің нәтижесі. Құрылыс аяқталып, судан өндірілген энергия аймақтың қуатқа деген сұранысын өтейтін болады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар