• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2019

«СарыарқаАвтоПромның» MAN тіркемелі тартқыштары алғаш рет сұйытылған газ таситын компанияларға сатылды

669 рет
көрсетілді

«СарыарқаАвтопром» зауыты өткен жылы логистикалық кәсіпорындармен MAN маркалы 20 жүк таситын техника беруге келісім жасаған болатын. Еуростандарт 10 MAN ауыр техникасының бесеуі жүк тасумен айналысатын компанияларға берілді. Тағы да сұйытылған газ тасуға арналған осындай 10 жүк тартқыш машина үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында кәсіпорындарға жібереледі.

Еске сала кетсек, өткен жылы Аллюр компаниялар тобы «СарыарқаАвтоПром» зауытының өндіріс алаңында бірлесіп MAN жүк таситын машиналар мен автобустар шығару үшін «MAN Auto – Uzbekistan» өндірісімен меморандумға қол қойған болатын. MAN ауыр техникасы логистикалық компаниялардың Қазақстанның ішінде және одан сырт бағыттарда жүк тасуына арналған.

«Өткен жылы біз осы техникаларды шығару жолында барлық сынақтардан өтіп, оны өндіруге рұқсат алдық және құрастыру жұмыстарына кірістік. Жүк техникаларының нарығы әлі толық емес, біздің сараптап көргеніміздей, жүк тасымалымен айналысатын көптеген компаниялар осындай техникаларға зәру болып отыр. 2019 жылы  жүк таситын машиналарды нарыққа көбірек шығаруды ойластырудамыз» деді «Аллюр» КТ» АҚ корпоративтік сату және экспорт жөніндегі вице-президенті Ирина Миронова.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай