• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2012

Еуразиялық интеграция – әлемдік қиындықтарға қарсы қамал

368 рет
көрсетілді

Еуразиялық интеграция – әлемдік қиындықтарға қарсы қамал

Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:27

Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер үшін серпін бергенін көрмеуге болмайды. Одан кейінгі жылдары ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразия­лық экономикалық қауымдастық, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы сияқты бірқатар табысты мемлекетаралық құры­лым­дарды құруда сатылап өмірге еніп келеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:27

Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер үшін серпін бергенін көрмеуге болмайды. Одан кейінгі жылдары ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразия­лық экономикалық қауымдастық, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы сияқты бірқатар табысты мемлекетаралық құры­лым­дарды құруда сатылап өмірге еніп келеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Әлем қазір қым-қуыт оқи­ға­лар­ға толы. Дағдарыс пен қыл­мыс, есірткі саудасы мен діни ағымдардың лаңы небір «мен» деген еңселі елдердің өзін есінен адастырар халге түсірді. Мұндай келеңсіздіктермен күресу бірнеше мемлекеттерді өзара мүдде бірлігіне, сол арқылы күш бірлігіне алып келді. Экономикалық тұтастық – әлемді теңселткен түрлі алапаттардан сақтанудың бірден-бір жолы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ТМД кеңістігінде жаңа интегра­ция­лық жоба – Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы-ақ ұсын­ды. Бұл тектен-текке ай­тыл­ған ой емес, ішкі әлеуеті енді ғана ар­тып келе жатқан Қа­зақ­стан әлем­ді шарпыған қиын­дық­тарға қар­сы тұрып, төтеп беруге қабілетті болуы керек еді. Қи­ындықтар Қазақстанды айналып өтетініне ешкім кепілдік бере алмайтын. Сондықтан, бізге не нәрсенің де алдын алу, қамдану қажет еді. Біртұтас экономи­ка­лық кеңістік – мемлекеттердің Еуразиялық ода­ғы осы мақ­саттардың нәтижесі.

Ел өмірінің дамуына көз жіберсек, Ұжымдық қауіпсіздік Шар­ты ұйымы, Еуразиялық эко­­­но­микалық қауымдастық се­кілді мемлекетаралық құры­лымдар са­тылары қаланған ке­ңістік бізді Кеден одағына алып келді. Ар­найы Кеден кодексі әзірленіп, Ке­ден комиссиясы құ­рылған Одақ, басқаны айт­пағанда, Ресей, Беларусь және Қазақстан ара­сын­дағы тауар айналымын арт­ты­рып, кедендік бақылауды жойды.

Еуразиялық одақтың алдына қойған мақсаты – тәуелсіз Қазақ­станның әріптес мемлекеттермен мүдде біріктіріп, қол ұстасып, әлемдік қиындық-қыспақтардан әрі өтуі. Мақсат та, мүдде де – осы.

Мұханбет ЖҮНБАСОВ,

«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық

филиалы төрағасының орынбасары.

АҚТАУ.