• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2012

Беларусь елімен бірлестік

457 рет
көрсетілді

Беларусь елімен бірлестік

Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:25

1994 жылдың наурызында Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев М.Ломоносов атын­да­ғы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­ситетінің аудиториясын­да Еура­зия­лық одақ құру қа­жет­тілігі жөніндегі тамаша идеясын ор­та­ға тастағаны мәлім. Бұл коммунистік тоталитарлық ой­лау жүйе­­сінің тамыры үзіл­меген, соны­мен бірге, жаңаша экономикалық па­йым­дау төрге оза қоймаған елең-алаң шақ еді. Сондықтан да Қа­зақстан бас­шы­сы Ресей астанасы Мәскеуде ұсынған бұл идеясы ТМД ке­ңістігінде бірден қабыл­данды деп айта алмаймыз. Сол кезде әртүрлі пікірлер болғаны рас. Еуразиялық одақ құру бас­та­масының түпкі мәнін терең тү­сіне қоймаған бірқатар саясаткерлер сол кезде сауыс­қан­нан сақ мінез танытып, әлі­п­тің артын бағуға ыңғай та­нытты.

Дегенмен, одан кейінгі жыл­­дар Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның бұл идеясы өміршең екенін көрсетіп берді. Көп кешікпей тәуелсіз­дік­ке ие болған мемлекеттер ара­сын­да эконо­микалық байла­ныс­тар мен қарым-қа­тынастарға негізделген құры­лым құрылмаса, ха­лықтың даму деңгейі бол­май­тындығы да белгілі болды. Бұл идея со­ны­мен бірге ел мен елдің ара­сын­дағы адами рухани құн­дылық­тарды қорғауға да қызмет ете алатыны айқын­далды.

Бүгінде Еуразиялық одақ­тың қалыптасуы мен іске асуының нақты көріністері қан­дай дегенге келсек, оған Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттері ара­­сында кедендік одақ құры­луы, аталған мемлекеттер ара­сын­да бірыңғай эко­номикалық кеңіс­тік­тердің пайда болып, ор­тақ іс-қи­мыл таны­тып отыр­ға­нын мы­сал­ға келтіруге болады. Сонымен бірге, аталған мемлекеттер ара­сында біріккен кәсіп­орындардың құ­ры­луы да оның басты нышан­дары деп айта аламыз. Осындай мәртебеге ие болған кәсіп­орын­дардың бірі – Орал қала­сындағы «Агрореммаш» АҚ бірлескен кәсіпорны.

Кедендік одаққа мүше мем­лекеттердің бірі – Беларусь елінде ежелден автомобиль жасау мен құрастыру ісі кеңі­нен дамып келгені баршаға мәлім. Бұл орайда Минск автомобиль зауытының шоқты­ғы қашан да биік тұрады. Осыдан 3 жыл бұ­рын сондағы МАЗ басшы­лары­мен келісім жасап, респуб­ли­ка­ның комму­нал­дық-шаруашы­лық жүйесі­не қажетті арнаулы автотехникалар шығара баста­дық. Қазір бұл іс тұрақты жолға қойыл­ды десек те болады.

Өткен мамыр айында Ақ­жайық­қа іссапары кезінде Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан-Беларусь бірлескен кәсіп­орнының қызметімен та­ны­сып, оған оң баға беріп кеткені бә­ріміз үшін мерей. Со­нымен бірге Мемлекет бас­шысы қазақстан­дық кон­вейер­ден шыққан отан­дық өнімге тиісті сұранымдар түсіру жөнінде Үкіметке тап­сырма берді.

Бүгінде еліміздегі ком­мунал­дық салаға жасалған түбе­гейлі реформалар өзінің ал­ғашқы нә­тижелерін бере бастады. Бұған біздің бірлескен кәсіпорынның қосқан үлесі қомақты. Яғни, Қазақстанда құрастырылатын арнаулы автотехниканың бас­ты бөлшегі – шасси Беларусь елінен жеткізіледі. Қалған істің бәрі өзімізде атқары­ла­ды. Сон­дай-ақ Төтенше жағ­дай­лар ми­нистрлігі­нің сұра­ны­­сына сәй­кес кәсіпорын­да құ­растырылған өрт сөндіргіш машиналары да бүгінде бә­секеге қабілеттілігін танытып үлгерді.

Осы ыңғаймен бүгінде осы­дан 18 жыл бұрын Қазақстан бас­шысы ұсынған Еуразиялық одақ идеясы бүгінде нақты өміріміз­ден орын алып отыр деп ой түйе аламыз. Бұл түйінді тек өз елімізде ғана емес, сонымен бірге, осы бастаманы қолдап, іске асырып отырған барлық мемлекеттерге қатысты да жасауға әбден болады демекпін.

Ғимран Бейсенов,

Орал қаласындағы «Агрореммаш» АҚ

бірлескен кәсіпорнының директоры.

ОРАЛ.