• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2012

Ерлер денсаулығына ерекше бетбұрыс керек

418 рет
көрсетілді

Ерлер денсаулығына ерекше бетбұрыс керек

Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:20

Бүгінде ерлер денсаулығының жағдайы, эректильді қызметінің бұзылуы, әйелдерден гөрі еркектік бедеуліктің жиілей түсуі алаңдаушылық тудыратын жағдайға жеткен. Бұл мәселе бұрнағы күні Алматыда Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының ұйымдастырумен өткен баспасөз мәслихатында кеңінен сөз болып, еркектердің денсаулығына мемлекет тарапынан көңіл бөлу керектігі дабыл қағарлық жағдайға жеткенін мәлімдеді.

 

Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:20

Бүгінде ерлер денсаулығының жағдайы, эректильді қызметінің бұзылуы, әйелдерден гөрі еркектік бедеуліктің жиілей түсуі алаңдаушылық тудыратын жағдайға жеткен. Бұл мәселе бұрнағы күні Алматыда Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының ұйымдастырумен өткен баспасөз мәслихатында кеңінен сөз болып, еркектердің денсаулығына мемлекет тарапынан көңіл бөлу керектігі дабыл қағарлық жағдайға жеткенін мәлімдеді.

Статистика мәліметтеріне сү­йенсек, бүгінде ерлердің өмір сү­ру ұзақтығы әйелдерге қара­ғанда 10 пайызға төмендеген. 75 жасқа қарай ерлер арасында қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болудың көрсеткіші әйелдерге қарағанда екі есе жоғары. Туыл­ған нәресте ұлдардың өлім-жі­ті­мі қыздарға қарағанда үш есе жоғары. 1950 жылдан 1990 жыл­ға дейін өзін-өзіне қол салу, қастандықпен және жазатайым оқиғадан қайтыс болған өлімнің 70-80 пайызы ерлердің үлесіне тисе, жыл сайын әлем бойынша 25000-нан аса ер адам өз-өзіне қол салатын көрінеді. Ерлер әйел­дерге қарағанда дәрігерлер­ге үш есе аз көрінетіндіктен, олар­дың арасында ауруды ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші төмен болып отыр. Олар жү­рек­тің ишемиялық ауруына әйел­дерге қарағанда үш есе жиі, ал қант диабетіне алты есе жиі шал­дығады. Соңғы бес жылда жыныс безі обырынан қайтыс болу сүт безі обырынан қайтыс болуға қарағанда екі есе өскен.– Бұл дегеніңіз, – деді «Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ-тың бас директоры, ҚР ДСҚМ бас урологы, ҚР урологтар қауымдас­ты­ғының төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев, – елімізде ерлердің денсаулық көр­сеткіші қазіргі таңда меди­ци­налық мәселе шеңберінен шы­ғып, мемлекеттің және әр адамның жеке қатысуын талап ететін, үлкен алаңдаушылық тудыратын мәселеге айналып отыр. Сондықтан бүгінгі баспа­сөз мәжілісінің мақсаты – елі­міздегі ерлер денсаулығының қа­зіргі жағдайы, урологиялық ауруларды ерте алдын алу және өз денсаулығына қатысты тұр­ғындардың мәдениетін арттыру қажеттілігі жөнінде халыққа үндеу жасау болып табылды.Сондай-ақ бас уролог алдымен елімізде ерлердің репродук­тивті денсаулығын сақтау мәсе­лесіне арналған саясат жоқты­ғын алға тартты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау органдары ерлердің денсаулығын сақтауға жеткілікті көңіл бөлмей отыр. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жү­йесінде ерлерге арнайы жа­сал­ған инфрақұрылымдар құ­рыл­маған, ерлердің өз денсау­лығын сақтау жөнінде ақпарат­тандырылу деңгейі төмен. «Сон­дықтан да ерлерді денсаулық сақтау мәселесі жөнінде оқыту, дамыту және қолдау көрсетудің ішіне сексуалды, репродуктивті және әлеуметтік-психикалық ден­саулық мәселелері кіреді, сонымен қатар, ол мемлекеттің гендерлік бағдарламасын іске асыруға негіз болып табылады» деді профессор.Естеріңізде болса, Қазақ­стан­дағы ер азаматтардың ре­про­дуктивті денсаулығының қа­нағаттанарлық жағдайда емес­тігіне алаңдаушылық білдірген Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы осы күр­делі проблеманы шешу мақса­тында жан-жақты қамтылған 2008-2011 жылдарға арналған «Ерлер және репродуктивті ден­саулық» бағдарламасын әзірлеп, оны өздерінің ғылыми кеңесін­де, ҚР урологтары басқарма­сының пленумында талқылап, 2007 жылы ҚР Президенті жа­нындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның ІV отырысында тыңдалып, бірауыздан қабыл­данды. 2008 жылы аталмыш бағдарламаны Парламенттің депутаттар корпусы талқыға салып, мақұлдады. Бағдарлама мін­­деті: уроандрологиялық бұ­зылу­шылықты алғашқы кезеңін­де диагностикалау, уроан­дро­ло­гиялық бұзылушылығы бар ерлер арасында жүрек-қантамыр­лары мен эндокриндік ауытқу­лар деңгейін анықтау, қандағы тестостерон деңгейінің уроан­дро­логиялық ауытқумен байланысын анықтау, онымен қабат­таса жүретін аурулар кезінде эрек­тивті қызметтің бұзылуы мен гипогонадизмнің таралуын анық­тау мақсатында ерлер арасында скрининг сауалнама жүргізу.– Осы бағдарлама бойынша УҒО Қазақстанның 14 облысында тұратын 24396 ер адамға өтініш-шағымы мен анамнезі, ла­бораториялық анализдер (ИФА, ПЦР) және тік ішектен тексеру арқылы анкета бойынша зерттеу жүргіздік. Тексеру нәти­жесінде 56,3 пайыз еркекте түр­лі кезең­дегі эректилді дисфункция бел­гі­лері, 30,4 пайызында шәуеттің өзгерістері (ұрық­тың болмауына дейін), 42,4 пайызында жыныс жолымен беріле­тін аурулары бар екені анықтал­ды, – деді Мыр­за­кәрім Кәрім­ұлы.Сондай-ақ ғылыми орталық өздерінің тапқан табыстары мен демеушілердің көмегімен бес профессор 2009-2012 жылдар аралығында «Ерлердің денсау­лық күні» жобасын еліміздің 16 қаласында: Астанада, Алматыда, Шымкент, Өскемен қалала­рын­да 2 реттен, Павлодар, Ақ­тау, Қызылорда, Тараз, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларында өткізген. Мұнда барлығы 4021 ерлер мен ер балалар тексерілген. 3569 тексерілген ерлердің 2934-інде, яғни, 82,3 пайызында патология табылып, соның ішінде 1206-ы, яғни, 33,85 пайызы созылмалы простатит болып шыққан. Ал 2035 пациенттің 759-ы, яғни, 37,3 пайызында тестостерон же­тіс­пеушілігі анықталған. Ең бір сорақысы, 1-16 жасқа дейінгі тек­серілген 458 баланың 414-ін­де, яғни 90,3 пайызында патология табылған. Сонда 44 бала­ның, яғни 9,7 пайызының ғана дені сау болып шыққан.– Қазақтың ер азаматтары өз денсаулығын тексертуге ұялып, келмейді. Сондықтан еркектер­дің психологиясын өзгерту керек. Келесі жылдан бастап Қа­зақ­стан­ның барлық аумағында простата безі қатерлі ісігін ерте сатыда анықтауға қатысты скр­и­нингтік зерттеу жүргізілмек. 2013 жылы аталған бағдарла­маны жүзеге асыруға 1,3 млрд. теңге бөлінбек, – деді еліміздің бас урологы.Баспасөз мәслихатына сон­дай-ақ, белгілі эндокринолог, медицина ғылымының докторы, профессор Зельцер Михаил қа­ты­сып, өзекті мәселеге қатыс­ты өз пікірін білдірді.Сонымен қорыта айтқан­да, сонау 1968-1970 жылдар­дың өз­інде кеңестік демограф-ға­­­­­лым Б.Урланстың “Еркек­тер­ді сақ­та­ңыздар!?” деп дабыл қағуы шын мәнінде қазір ойланатын, көп­шіліктің назарын аударатын жағ­дайға әкеліп отыр.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».