• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2012

«Тіліксіз ота» жасау шеберлері Ақтауға жиылды

338 рет
көрсетілді

«Тіліксіз ота» жасау шеберлері Ақтауға жиылды

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:22

Адам денсаулығын сақтау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан елімізде осы саланың мамандарына әлемдік медицинаның озық үлгілерін игере отырып, өз еліміздегі денсаулық сақтау мен емдеуді дамыту міндеті қойылып отыр.

 

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:22

Адам денсаулығын сақтау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан елімізде осы саланың мамандарына әлемдік медицинаның озық үлгілерін игере отырып, өз еліміздегі денсаулық сақтау мен емдеуді дамыту міндеті қойылып отыр.

Соңғы жылдардың өзінде Қазақстанның біраз өңірлеріндегі ауруханалар шетелдік құрал-жаб­дықтармен қамтылды. Медицинаның әр саласына қатысты заманауи өзгерістер мен жаңалықтар отандық дәрігерлердің қолданысына дендеп ен­гізілуде. Мысалы, ота жасау, біздіңше, пышаққа түсу. Алайда, қазір жетілген медициналық әдіс­тер пышақсыз да ота жасауға болатындығын дә­лел­деп келеді. Мамандар мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын жасалатын бірнеше миллион эндохирургиялық оталар барысында бұрынғы үлкен тілікті, жарақатты оталардың орнына ша­ғын тесік арқылы жасалатын оталар қолданыла бастаған. Оташы дәрігер адамның ішперде қуы­сына және кеудесіне өте жіңішке аспаппен ота жасайды, ал іш қуысындағы ол көрініс оп­ти­калық аспап арқылы монитордан көрініп тұрады. Үлкейтіп және анық көрсететін аспап арқылы сол мүшеде қандай өзгерістер бар, нені қалай сылып тастау керек немесе қалайша ота жасаған жөн – бәрі алақандағыдай. Жарақаты аз мұндай оталардың науқасқа тиімділігін айтпағанда, жаңа технологияны енгізудің косметикалық, меди­ци­налық және экономикалық жағынан артық­шы­лығы айқын сезіліп келеді екен. Жаңа эндо­хи­рургиялық технология хирургиямен шектес гине­кология, онкология, оторинолорингология, уро­логия, қан тамыр хирургиясы, травматология және ортопедияда кеңінен қолданыла бастаған.Ақтауда өткен Қазақстанның эндоскопист хирургтері қауымдастығының кезекті II съезі осы технологияның тиімділігін арттыруға, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбек­стан, Әзербайжан, Грузия, Германия, Франция оташы дәрігерлерінің өзара тәжірибе алмасуына арналды. Съезге қатысқан оташы дәрігерлер шеберлік сабақтарын өткізді. Эндохирургия ка­федрасының профессорлары мен доценттері – профессор С.Тоқпанов, профессор И.Котлобовский, профессор О.Оспановтар жүргізген сабақ барысында облыстық аурухана базасында ла­па­раскопиялық хирургия әдісімен іш қуысын қарап, асқазан және соқыр ішекті сылып алу отасы 3D трансляциясы арқылы жасалды.«Бұдан 20 жыл бұрын тіліксіз ота жасау деген фразаны жұрт тек филиппиндік химерлер ісі деп түсінетін. Тіпті, нағыз маман дәрігерлер үшін де күрделі хирургиялық оталарды кішкене тесік арқылы жасау ақылға қонымсыз көрінетін. Бү­гінде бұл тәсіл әдістеме жетістіктерінің қа­та­рында. Еліміздегі алғашқы лапароскопиялық ота тәуелсіздік алған жылдары болды, одан бері бұл әдіс нарықтың да, дағдарыстың да тезінен өтіп, күннен-күнге жетіліп келеді», – дейді Қазақ­стан­ның эндоскопист хирургтері қауымдастығының президенті, профессор Орал Оспанов.Осылайша, біздің дәрігерлер  шетелдік әріп­тестерін Қазақстанға жиып, тәжірибе алмасты. Бұл дәстүрлі қалыпқа түсіп, жыл сайын ұйым­дастырылмақ. Үйренгенінің жемісі кәдеге жараса, халыққа керегі – сол.Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,    «Егемен Қазақстан».Маңғыстау облысы.