• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2012

Қолы жеңіл хирург

1763 рет
көрсетілді

Қолы жеңіл хирург

Жұма, 13 қаңтар 2012 7:31

«Егемен Қазақстанның» Алматыдағы бөлімшесіне Сызғанов атын­дағы хирургиялық ғылыми орталықтың жалпы хирургия бөлімінде жатқан 64 жастағы Қаншайым Шаншарбекова мен 34 жастағы Назира Қастеева телефон шалып, екеуінің де бауырларына күрделі операция жасалып, қазір жағдайлары жақсы екенін, мүмкіндік болса өздеріне ота жасаған хирургке алғыстарын сүйіп оқитын басылымдары арқылы жеткізгілері келетінін айтқан еді. Оқырмандарымыздың өтінішін ескеріп, ғылыми орталыққа барып, бар мән-жайды өз ауыздарынан естуді жөн көрдік…

Жұма, 13 қаңтар 2012 7:31

«Егемен Қазақстанның» Алматыдағы бөлімшесіне Сызғанов атын­дағы хирургиялық ғылыми орталықтың жалпы хирургия бөлімінде жатқан 64 жастағы Қаншайым Шаншарбекова мен 34 жастағы Назира Қастеева телефон шалып, екеуінің де бауырларына күрделі операция жасалып, қазір жағдайлары жақсы екенін, мүмкіндік болса өздеріне ота жасаған хирургке алғыстарын сүйіп оқитын басылымдары арқылы жеткізгілері келетінін айтқан еді. Оқырмандарымыздың өтінішін ескеріп, ғылыми орталыққа барып, бар мән-жайды өз ауыздарынан естуді жөн көрдік…

– Бұғанға дейін бауырым ауырып, соншалықты маза­ла­маған еді. Тек қан қы­сы­мым көтеріліп, түс­пей қой­­ған соң, дәрігерлер то­­лық тексерілуімді талап етті. Ла­бораториялық зерттеулерде өзге­ріс болмағанмен, УДЗ-ден өткенде бауырыңызда екі үлкен құрт, өті­ңізде едәуір көлемде тас бар. Ал­дыр­ма­са­ңыз, жарылып кетуі мүм­кін деді. Құрт деген соң шошып кеттім, – деп Қаншайым апай бол­ған жағдайды баяндаған. – Мына аурудың жымыс­қы­сын көрдіңіз бе, бір рет те жаныма батып ауырмады. Со­дан осы Сызғанов атында­ғы ғылыми орталыққа кел­­дік. Сөйтіп, отаны Нұрлан Бұтабаев деген хирург жасайтын болды.Операция үш жарым сағатқа созылыпты. Алғашқы екі күн жан сақтау бөлімінде жатып, кейін палатаға ауыс­тырды. «Апай, бір-екі күн кешіккені­мізде, жарылып кетпек екен. Құрты­ңыз­дың бәрін алып, отқа жақтым» деді. Жаным олжа, жарық дүниені көрген соң ең алдымен Аллатағалаға, сосын дәрігерге рахметімді айтсам деген ниетпен сіздерге хабарласқан едім, – деді ол.Қаншайым апай ұзақ жылдар Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылында бас есепші, бас экономист болып қызмет жасапты. Кейде той да бас­қарып қоятыны бар екен. Зейнеткер­лік­ке шыққалы немерелерін бағып-қағуда.Апаймен бір палатада жатқан Назира Қастееваны көруге сәл кешігіппіз. Біз келгенше ол үйіне кетіпті. Жаркент қа­ла­сынан келген Назираның аяғы ауыр болса да, бауыр эхинококкына ота жасалыпты. Бүгінде денсаулығы жақсы бол­ған соң үйіне шығарған екен. Назира да кетерінде Қаншайым апайға өзінің риза­шылығын білдіруді аманат етіп кетіпті.Нұрлан жайлы әңгімеге қанық бол­ған соң, өзіне жолығуды жөн көріп, дә­рі­гер­лер бөліміне бардық. Салмақты, ашаң жүзді жас жігіт көзімізге бірден жылы­ұшы­рады. Көңіліміз алдамаған екен, әңгі­меміз бірден жарасып кетті. Нұрланмен алдымен бауыр эхинококкы ауруының қа­лай, қайдан пайда болатынын сұрадық.– Соңғы жылдары эхинококк ауруы адамдар мен жануарлар арасында өсіп отыр, – деді медицина ғылымдарының кандидаты Нұрлан Бұтабаев. – Эхинококкоз ауруын эхинококк құрты тудырады, аурудың негізгі көзі болып ит, мы­сық тектес жануарлар табылады. Себе­бі, олардың ішегінде бауыр (эхинококк) құрты өсіп жетіледі және нәжісімен қор­шаған ортаға түсіп, ластайды. Құртпен ластанған шөпті жеп, суды ішкен үй жануары ауырады. Малды сойған кезде жарамсыз бауыр, өкпесін итке тастаймыз, осылай құрт жолы шеңбермен айналып жүреді.Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, бұл ауру бау-бақшада жұмыс істеп, малға қарағаннан соң, жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Адамның ішіне түскен құрт қан арқылы өкпе, бауыр тағы басқа органдарды зақымдайды. Құрт түскен жерін­дегі органды жегідей жеп өсе береді де, аурудың белгілерін білдіреді. Егер құрт бауырда өссе, оң жақ бүйірі ауырып, өкпеге түссе адам жөтеліп, қан құсып, ауа жетіспей ауруы мүмкін. Құрт уақыт өткен сайын органды зақымдап, адам өміріне қауіп төндіреді. Эхинококкоз ауруын тек хирургиялық жолмен емдейді, ал дәлелді диагноз кешенді тексерулерден соң қойылады.Эхинококктың қауіптілігі – құрт жат­қан қабық жарылып кетсе, оның уы ішкі ағзаларға тарап, асқынулар болмақ. Әсі­ресе, ішекке, жамбас қуысына, қуыққа тарап кетуі мүмкін. Ал егер эхинококк жарылып кетсе, онда үлкен операция болады.– Қаншайым апай дәл уақытында келген. Бауырынан он екі киста, яғни он екі құрт алдық. Әсіресе, бауырдың оң жақ бөлігінде көбірек екен. Оған қоса өтте тас болғандықтан, екі операцияны қатар жасадық. Біраз уақыт өткеннен кейін бауыр өз қалпына келеді. Бірақ, бақылауда болып, әр алты ай сайын УДЗ-ден өтіп тұрады.«Мұндай аурулар жиі кездесе ме?» деген сауалымызға: «Өте жиі, әсіресе Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбірек кездеседі. Мәсе­лен, бізде күніне бір-екі операция жасалады», – деді дәрігер.Нұрлан 1997 жылы Семейдің мем­ле­кеттік медицина академиясының емдеу факультетін бітірген. Аталмыш ғы­лыми орталықта қызмет істегеніне се­гіз жыл болса, бұған дейінгі алты жыл еңбек өті­лі Семейдегі жедел жәрдем ауруха­на­сын­дағы хирургия бөлімінде өтіпті. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Байма­ха­нов­тың шәкір­ті­­не біз­дің де алғыстан басқа айтарымыз жоқ.Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.