Жұма, 10 ақпан 2012 8:11
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған оралман ағайындар туралы мақаланы оқып, оған қатысты айтылып жатқан түрлі пікірлерді естігенде есіме өзім куә болған бір оқиға түсті.
Осыдан бес жылдай уақыт бұрын Май ауданының шалғайда жатқан Ақжар ауылына баруға тура келді. Қаңтар айының аязды күндерінің бірі еді. Бұл уақытта барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беріп жатқан кезі. Сол кездегі аудан әкімі Ернұр Айткеновтің ауыл тұрғындарымен кездесулерінен мақала жазып қайтайық деп жолға шыққан едік.Аудан орталығы Көктөбеге келген бетіміз сол еді, аудан әкімінің орынбасары Ержан Рақымжанов Курчатовтың қасындағы Ақжар ауылына баратын болдың, деп әзілдей күліп қарсы алды. Пәлі, Курчатов қайда, біз қайда, тым алыс қой, деп жатырмыз біз де. Сөйтіп, полигон сынақтарын көрген, жарылыстың зардабын тартқан Семейге қарасты аты әйгілі қаладан 3 шақырымдай ғана жерде орналасқан Ақжар ауылына келіп жеттік.
Жұма, 10 ақпан 2012 8:11
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған оралман ағайындар туралы мақаланы оқып, оған қатысты айтылып жатқан түрлі пікірлерді естігенде есіме өзім куә болған бір оқиға түсті.
Осыдан бес жылдай уақыт бұрын Май ауданының шалғайда жатқан Ақжар ауылына баруға тура келді. Қаңтар айының аязды күндерінің бірі еді. Бұл уақытта барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беріп жатқан кезі. Сол кездегі аудан әкімі Ернұр Айткеновтің ауыл тұрғындарымен кездесулерінен мақала жазып қайтайық деп жолға шыққан едік.Аудан орталығы Көктөбеге келген бетіміз сол еді, аудан әкімінің орынбасары Ержан Рақымжанов Курчатовтың қасындағы Ақжар ауылына баратын болдың, деп әзілдей күліп қарсы алды. Пәлі, Курчатов қайда, біз қайда, тым алыс қой, деп жатырмыз біз де. Сөйтіп, полигон сынақтарын көрген, жарылыстың зардабын тартқан Семейге қарасты аты әйгілі қаладан 3 шақырымдай ғана жерде орналасқан Ақжар ауылына келіп жеттік.
Ауыл Май ауданының орталығы Көктөбеден 180 шақырымдай жерде, бұған қарағанда Курчатовыңыз жап-жақын, ауыл біздің облыстың аумағында болғанымен, тұрғындардың жиі барып қатынайтын жерлері осы қала болса керек. Өйткені, аудан орталығы Көктөбе олар үшін тым шалғай. Ауру-сырқаулар болса, аудан әкімдігі Курчатов жақпен келісіп, жақын жердегі ауруханаға жіберіп жатады. Азық-түлік, киім-кешек, басқа да жағдайларын сол жаққа барып алып қайтады. Біздің ауылдарымыздың орналасуында Кеңес өкіметі тұсынан қалған осындай кереғар жағдайлар әлі де кездеседі. Кезінде Мәскеудің тікелей қамқорлығында болған бұл құпия қала тұрғындарының Ақжар ауылын өздеріне қосып алғылары келмегені белгілі. Сондықтан қазақ ауылы сырттап, аудан орталығынан тым жырақта қалып қойды. Жол жоқ, ойлы-қырлы, мың шұңқырлы жолмен әзер дегенде өлдім-талдым деп жеттік-ау. Дәл осы кезде мүлікті заңдастыру науқаны жүріп жатты. Әкіммен кездесу барысында ауыл тұрғындарының бірі Қайлаш ақсақал біздің тұрған үйлерімізді Айтмұханбет заңдастырып алса, біз далада қалып қоятын болдық қой, деді ашулана сөйлеп.– Далада қалмайсыздар, Қожабековпен сөйлесеміз, мәселе шешімін табады, – деп жауап берді аудан әкімі Ернұр Айткенов.Жиылыстан соң, әлгі ақсақал бастаған ауылдықтармен жолықтық. Сөйтсек, бұлар 92-жылдары елімізге Моңғолиядан көшіп келген оралман қандастарымыз екен. Біз Қазақстан, қазағымыз тәуелсіздігін алды дегенді ести сала, елге қарай жүгіре жеткен ең алғашқы лектің көшбастаушыларымыз, қарағым, елге рахмет. Біздерді жақсы қарсы алып, күтіп алды. Үйін жайлап, қорамызға мал берді. Енді қазір бала-шағаларымызбен үйсіз қаламыз ба деп уайымдаймыз, деді оралман ағайындар бізге.Сол жылы елге қоныс аударған ағайындарды шалғайда жатқан осы Ақжар ауылына жіберіпті. Солтүстіктің қақаған суығы ұратын далалы жер. Ел мен жердің шетіндегі ауылымызды сақтап қалу үшін оралмандар осында жіберілген сияқты…Сөйтсек, мәселенің мәнісі былай екен. Әлгі Айтмұханбет деп тұрғандары бізге аты бұрыннан таныс Қожабеков деген кәсіпкер жігіт болып шықты. Жекешелендіру кезінде осы Ақжар ауылын сатып алған көрінеді. Кеңсесі, клуб, тағы да басқа ғимараттар, оралмандар тұрып жатқан тұрғын үйлер түгелдей осы жігіттің меншігі болып саналады. Оралмандар тұрып жатқан тұрғын үйлер салынуы жағынан өте жақсы, ақ кірпіштен қаланған, үш бөлмелі сол кездердің үлгісінде салынған. Өзгелер үдере көшіп кеткенде қаз-қатар салынған осы үйлерге оралман ағайындар келіп қоныстанған. Үй алдық, туған елге келдік деп көңіл аспанда. Енді мүлікті заңдастыр дегенде бұл үйдің өз аттарына жазылғаны жөнінде бір қағаз таппай әлекке түседі. Жекешеленген үйлер Қожабековтің меншігі – соның атында. Оралмандардың далада қалдық деп тұрғандары осы. Өздері бақандай 13 отбасы. Әр отбасындағы бес-алты баласын қосқанда, кішігірім ауыл. Айтмұханбеттің мал өсіретін іргелі «Ақжар» өндірістік шаруашылығы да осы жерде.Ақжардан келген соң, «Егеменге» ашына мақала жаздым. Ақжарлық оралмандар далада қалып жүрмесін деп бір емес, қатарынан үш-төрт мақала жаздық. Ақжарлық оралмандар туралы бұл сын мақалалар сол кезде газеттің әр нөміріне шықты. Редакциядағы Сейфолла Шайынғазы ағамыз да оралмандарға жанашырлық танытып: «Фарида, қайта-қайта жаза бердің ғой, қайтсең де бірдеңе шығар енді», деді хабарласып. Оралмандар үйсіз қалмасын дегенін ұқтым.Енді бір күні Қайлаш ақсақал бастаған адамдар мені қалаға іздеп келді (Осы жуырда марқұм болыпты атамыз). Шаршаған, шалдыққан адамдардың түрлерін көріп аяп кеттім. Не істеу керек? Оларға жақында облыс әкімінің есепті кездесуі болады, соған қатысып, айтыңыздар дедім. Ойбай-ау, оған бізді жібермейді ғой, шақырылғандар келеді деп айтты ауданнан бізге, дейді.Арада бір апта өткенде жиылысқа қатысып сұрақтарын қойды. Мүлікті заңдастырудың уақыты бітуге шақ қалды. Не де болса, Айтмұханбет Қожабековпен кездесуге тура келді. Біз ойлағандай жігіт емес екен. Ойлы, салмақты, түсінігі бар кәсіпкер жігіт болып шықты. Сіз өзі қайта-қайта жаза бердіңіз ғой. Мен оларды қуып шыға алмаймын. Оған менің арым жібермейді. Оралман ағайындардың бала-шағасын далаға тастайды деймісіз? Тұра берсін сол үйлерде, деді бірден. Бірақ, нақты заңдастырып, сол кісілердің аттарына жаздыру керек болып тұр, дедім. Әңгіме осы болды.Арада бір жеті өткен соң Айтмұханбет қалтафоныма хабарласып, Фарида, мен бердім үйлерді, кеттік Ақжарға, деді күліп. Мен редакцияға, Сейфолла ағаға хабарластым. Сүйінші, үйлерді алдық, дедім еңбегіміздің қайтқанына қуанып. Ой, бәрекелді! Жаз енді! Келесі нөмірге салып жіберейік, бекіністі алғандай болдың ғой, деді Сейфолла аға күліп әдеттегі сабырлы қалпымен. Сонау алыстағы Ақжар ауылындағы Қайлаш ақсақалдың үйіне телефон шалдым. Ақсақал: «Ой, қарағым-ай, қарағым-ай», дей берді. Кемсеңдеп жылап тұрғандай болды. Осыдан кейін Айтмұханбеттің оралмандарға үйлерін заңдастырып, өз аттарына жазып беру құрметіне Май аудандық әкімдігі біраз дайындалды.Тағы да Ақжарға жол түсті. Бұл жолы бізді Айтмұханбеттің өзі алып жүрді. Аудан әкімі Ернұр Айткенов бәріміз барып, оралмандарға үйлерін қайтарып беру рәсіміне қатыстық. Жол да бұрынғыдай емес, түзеліп, жөнделіп қалыпты. Ақжарға алып баратын жартылай жолды Айтмұханбеттің жұмысшылары жөндепті. Ақжар ауылының шағын клуб үйінде оралмандар тұрып жатқан үйлерді олардың аттарына ресімдеу, мүліктерін заңдастырғаны жөнінде құжаттар қолдарына тапсырылды. Айтмұханбет олардан бір тиын да ақша алмай, үйлерді тегін берді. Оралмандар қуанышында шек жоқ. Ақсарбас деп мал сойып, ауылын шақырып той жасады.Міне, бір жолсапардың сыры осындай болды. Қазір Айтмұханбет облыстық мәслихаттың депутаты. Ауылдың өркендеуі үшін еңбек етіп жүрген азамат. Жуырда аудан орталығы Көктөбеде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін бес бірдей цех ашып берді. Ауылдастарына жұмыс тауып берді. Ал, ақжарлық оралмандар болса, хабарласып тұрады.Біз «Егеменге» жазылдық, жыл сайын жаздырып алатын болдық, ел газетіне рахмет, елдің жағдайын ойлаған сіздердің газеттеріңіз аман болсын, дейді оралман ағайындар.Фарида БЫҚАЙ,Павлодар облысы,Май ауданы.