Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:45
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір мемлекет экономикалық, саяси және әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз егеменді ел болып саналатындығы жөніндегі ойын дәл әрі анық айтты.
Кез келген елдің армиясы, қарулы күштері тәуелсіздікті, мемлекеттілікті және конституциялық құрылымды қорғаудағы негізгі тірек болып табылады. Қазақстан армиясы – Тәуелсіздіктің құрдасы және өз елімен бірге қиыншылықтардан өтіп, даму жолында маңызды нәтижелер мен жоғары көрсеткіштерге жеткендігін шетелдік мамандар да бағалады.

Сыртқы саясат мәселелері жөніндегі жетекші АҚШ сарапшыларының бірі Стивен Сестанович (Ресей мен бұрынғы КСРО елдері мәселелеріне машықтанған маман) Қазақстан армиясының келешегі жөнінде өз ойын айтты. Оның пікірінше, қауіпсіздік саласындағы «көп векторлы» саясат арқасында Қазақстан аса қуатты әрі қауқарлы қарулы күштері бар елге айналады.
«Қазақстан Қарулы Күштері толығымен Кеңес Одағынан қалған мұрадан қалыптасты. Ал келешекте ол өз сипатын өзгертеді. Бұл – «көп векторлы» жол болмақ. Қазақстан бұл жолға біртіндеп аса шеберлікпен жетеді. Менің болжамым бойынша, 20 жылдан кейін, сіздерде айтарлықтай көлемі өскен, жаңа серіктестерді қамтыған, ерекше көріністегі қорғаныс құрылымы болады», – деді америкалық сарапшы жуықта Вашингтонда болған халықаралық конференцияда.
Сондай-ақ былай деді: «Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның әскери бюджеті де жоғары қарқынмен өсуде. Осы жәйт конференцияларда көп айтылмайды, алайда бұл өте маңызды болып табылады».
Сарапшының сөзіне қарағанда, соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту кезінде қауіпсіздік мәселелерін шешуде «төтенше шеберлікпен» аса үлкен жетістіктерге жетті. Сонымен бірге, ол келешекте Қазақстан әскери мәселеде де айтарлықтай дербестікке қол жеткізе алатындығын жасырмайды. Шамасы, осы себепті Қазақстан бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ, Үндістан, Ресей және Қытай компанияларының қатысуымен бірінші қорғаныс өнеркәсібінің көрмесін өткізгендігін де сарапшы еске салды.
Келер ұрпақ өмірінде Қазақстан жоғары технологиялы техниканы аталған елдерден абайлап сатып алады және ол оған кірісті де, соның ішінде электрониканы Оңтүстік Корея мен Израильден алады, – деп қосты ол.
Сестанович еске салған Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібінің көрмесі – бұл «KADEX-2010» бірінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі. Ол Астанада 2010 жылғы 26-29 мамырда өтті және оған әлемнің 20 елінен 200-ден аса компания қатысты.
Биыл мамыр айында Қазақстан «KADEX-2012» екінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізеді.
Жүніс ОМАР, ҚР ҚМ баспасөз қызметінің өкілі.