• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Ақпан, 2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

347 рет
көрсетілді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Омбының «Авангард» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, екі команда Шығыс конференциясы көшбасшылығына таласып келеді. Астанадағы осы кездесуде «Барыс» жеңіске жеткен жағдайда биыл бұл конференнцияда қай команданың жеңімпаз атанатыны түбегейлі шешілетін еді. Биыл біздің команда «Авангардтан» айласын асыра алмай келеді. Құрлықтық хоккей лигасында бұған дейін екі команда үш мәрте кездесті. Барлығында омбылық клуб жеңіске жетті. «Барыс» сол кеткен есені бүгін қайтаруға күш салды. Есепті бірінші болып астаналық хоккейшілер ашты.

Біздің команда сапынан 11-минутта Виктор Сведберг мергендік танытты. Алайда оны ұстап тұра алған жоқ. Үшінші кезеңнің 49-минутында «Авангард» хоккейшісі Никита Пивцакин таразы басын теңестіріп кетті. Ойын соңына деін осы есеп өзгерген жоқ. Кездесу овертаймға ұласты. Онда да жеңімпаз анықтала қойған жоқ. Буллитте «Авангард» командасының жолы болды.

Аталмыш жеңілісіне қарамастан «Барыс» Шығыс конференциясындағы орнын сақтап қалды. Осылайша астаналық клуб аталмыш қарсыласынан төртінші мәрте жеңілді. «Барыс»  бұған дейін 12 ақпанда Астанада Новосібірдің «Сибирь» командасынан 5:2 есебімен басым түсті. Одан кейін 14 ақпанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасынан 3:1 есебімен жеңді.   Енді «Барыс» алдағы үш кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 18 ақпанда Владивостокта «Адмирал», 20 ақпанда Хабаровскіде «Амур» командаларымен ойнайды.

Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы кездесуін «Барыс» Қытайдың «Куньлунь Ред Стармен» 22 ақпанда өткізеді. Одан кейін жарыстың плей-офф кезеңі басталады.