• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Ақпан, 2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

290 рет
көрсетілді

Дзюдодан Қазақстан командасы Римде өтіп жатқан Еуропа кубогінде екі медаль еншілеп үлгерді деп жазады Olympic.kz. 

60 келіде белдескен Дәурен Сүйкенов пен Бауыржан Жауынтаев тиісінше күміс және қола медальға иелік етті. 

Дәурен Сүйкенов финалда әзірбайжандық Орудж Вализадтан айла асыра алмай, екінші сатыға тұрақтады.

Ал Бауыржан Жауынтаев қола медаль үшін күресте моңғолиялық Арюнболдой Энхтайваннан басым түсті.