16-17 ақпан күндері Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі өтті. Қазақстандық гимнастар бұл сында жүлдеге іліге алған жоқ.
Жекелей сынды ресейлік Дина және Арина Авериналар тиісінше алтын мен күміс медальді бөліссе, тағы бір ресейлік спортшы Александа Солдатова үздіктер қатарын толықтырды.
Ал қазақстандық Алина Әділханова 19-шы орында.
Топтық жаттығда бірінші орынды Ресей, екінші орынды Жапония, үшінші орынды Өзбекстан құрамалары иеленді. Қазақстан 9-шы сатыға тұрақтады.