Мәскеуде көркем гимнастикадан өткен Гран-приде төрт дүркін әлем чемпионы Александра Солдатова Димаш Құдайберген орындаған «Любовь уставших лебедей» әнімен өнер көрсетті.
«2019 жылғы Гран-при чемпионатына Ресей өкілі «Любовь уставших лебедей» әнімен шықты. Тамаша өнер. Оған табыс әкеледі деп үміттенемін. Үлкен жеңістер тілеймін», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.
Айта кетейік, биылғы маусым 16-17 ақпан күндері Мәскеуде өтіп жатқан Гран-при кезеңімен басталады. Онда Александра Солдатова қола медальды қоржынға салды.