АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем кбогінің сегізінші кезеңінде із кесушілер жарысы аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан жалғыз өзі жолдама алған Роман Еремин өз көрсеткішін жақсарта алған жоқ деп жазады Olympic.kz.
Еремин ату алаңында 8 рет мүлт кетіп, 37 минут 45.5 секундта мәре сызығын кесті. Осылайша, қазақстандық спортшы 48-ші орынға тұрақтады.
Із кесушілер сынында франциялық Кантен Фийон Майе жеңімпаз атанса, норвегиялық Ветле-Сьястада Кристиансен күміс медаль иеленді. Қола медаль тағы бір франциялық биатлоншы Симон Дестьёнің еншісіеде.
Бүгін әлем кубогі аясында аралас эстафета бәсекесі өтеді.