• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

819 рет
көрсетілді

37 көше мен екі саябақ жаңа атауға ие болды. Бұл туралы 15 ақпанда облыс орталығында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында айтылды. 

Мәселен, 16 тұрғын аудандағы №1 көшеге Арасан, №2 көшеге Аялы, №3 көшеге Ақшоқы, 20 тұрғын аудандағы атаусыз 12 көшеге Қазына, Думан, Шапағат, Өсиет, Толағай, Жерұйық, Ақжол, Жақия Шайжүнісов, Үркер, Лев Гумилев, Ақбауыр, әл-Фараби, Ахмер ауылындағы 4 көшеге Саламат, Серпін, Қанағат, Балауса, Меновное ауылындағы екі көшеге Мейірім және Армандастар атауы берілді. Ең қуаныштысы, облыс орталығындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген Ворошилов даңғылы Шәкәрім, Ордженикидзе көшесі Сағадат Нұрмағамбетов, Революционная көшесі Қалихан Ысқақ, Дзержинский көшесі Әміре Қашаубаев, Октябрьская көшесі Мұхамеджан Тынышпаев, Питер коммунарлары көшесі Лев Толстой, Киров көшесі Антон Чехов, Крупская көшесі Евгений Брусиловский, екі Советская көшесінің бірі Александр Затаевич, екіншісі Адольф Янушкевич, Лениногор көшесі Теміржолшылар, Комсомольская көшесі Жастар, Головков көшесі Бейбітшілік, Айтықов көшесі Асар атауларын иеленгені белгілі болды. Жастар саябағына батыр Қайым Қайсеновтің, Октябрь аралындағы атаусыз саябаққа Самал, Семей қаласына қарасты Знаменка ауылына Көкентау, Жарма ауданындағы Қызыл жұлдыз ауылына Ұлы Отан соғысында 397 фашистің көзін жойған Төлеуғали Әбдібековтің есімі берілгені де осы жиында тілге тиек етілді.

Сонымен қатар Семейдегі Крупская көшесіне жазушы Әзілхан Нұршайықов, Строительная көшесіне Тұрсынғазы Рахимов, Комсомольская көшесіне Жібек Жолы, Кутузов көшесіне Ардагерлер, Колхозная көшесіне Берел, Социалистическая көшесіне Самал, Декабристов көшесіне Нұрсая атаулары берілгені де хабарланды.

Жиында облыстық мәслихат депутаттары республикалық ономастикалық комиссияда бекітілген атауларды қолдап, дауыс берді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН