• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2019

Теміржолшылар көпбалалы отбасыларға көмектесуде

455 рет
көрсетілді

Астана локомотивтерді пайдалану депосының қызметкерлері көпбалалы отбасылар үшін шамамен 500 мыңдай теңге жинады.

Локомотив депо қызметкерлері көпбалалы әріптестеріне көмек көрсетуді шешіпті. Көпбалалы отбасылар аса қажетті: мектеп құралдарын, киімдер, азық түлік және балалар үшін ақшалай көмек алды.

«Көпбалалы отбасыларын осылайша қолдауға біздің барлық қызметкерлеріміз оң қабақ таңытты. Біз осындай отбасыларға көмек көрсету мүмкіндігі болса, онда одан сырт қалмау керек, деп санаймыз», - локомотив пайдлану депосы бастығының орынбасары Александр Недюжин.

Бұндай акциялар тек бір рет ғана болып қоймайды. Қыс қарсаңында жеке үйлерде тұрып жатқандарға көмір жеткізіп беру ұйымдастырылды. Ұжымдық келісім-шарт шеңберінде Балаларды қорғау күніне, Отбасы мен Білім күндеріне орай көпбалалы және толық емес отбасыларға төлемдер жүзеге асырылады.

Теміржолшылар ары қарай да көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмайды.