• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Ақпан, 2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Қазақстан топтық жаттығуда алғашқы бестікке енді

232 рет
көрсетілді

16-17 ақпан күндері Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшылар топтық жаттығуда алғашқы бестікке енді деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан 3 шығыршық және 2 ұршық жұбы бойынша финалға жолдама алып, алғашқы бестікке енді. 

Бұл сында алтын жүлдені Жапония, күмісті Израиль, қоланы Ресей командалары иеленді. Қазақстан құрамасы бұл сында 5-ші орынға табан тіреді. 

Сондай-ақ, бес доппен жаттығуда да біздің гимнастар бестіктен көрінді. Бұл бәсекеде де жеңімпаз бен жүлдегерлер құрамы өзгеріссіз қалды.

Еске сала кетейік, жекелей сында Алина Әділханова 19-шы орын алды.