• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Пойызға ел риза

323 рет
көрсетілді

Пойызға ел риза

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:45

Дәрігерлер қабылдауына келген халық көп

«Саламатты Қазақстан» пойы­зының еліміз облыстарына шы­ғып, тұрғындардың денсаулығын тексеру жұмыстарын бастаға­ны­на біршама уақыт болды. Сәуір­дің ортасында пойызды Есіл стан­сасынан күтіп алып, біздің дәрігерлер жұмыс эстафетасын қолына алған болатын. Қоста­най­лық дәрігерлер содан бері пойыз үстінде. Есілден Қостанай облы­сының Сарыкөл елді мекеніне жеткенге дейін «Саламатты Қа­зақ­­стан» пойызы 13 стансаға тоқ­тайды екен. Қазір дәрігерлер Жар­көл стансасында тұрғындар­ға қыз­­­мет көрсетуде. Тек Жаркөл емес, сол айналадағы ауыл мен село тұрғындарының тайлы-тая­­ғы­на дейін «доңғалақты емха­наға» келді.

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:45

Дәрігерлер қабылдауына келген халық көп

«Саламатты Қазақстан» пойы­зының еліміз облыстарына шы­ғып, тұрғындардың денсаулығын тексеру жұмыстарын бастаға­ны­на біршама уақыт болды. Сәуір­дің ортасында пойызды Есіл стан­сасынан күтіп алып, біздің дәрігерлер жұмыс эстафетасын қолына алған болатын. Қоста­най­лық дәрігерлер содан бері пойыз үстінде. Есілден Қостанай облы­сының Сарыкөл елді мекеніне жеткенге дейін «Саламатты Қа­зақ­­стан» пойызы 13 стансаға тоқ­тайды екен. Қазір дәрігерлер Жар­көл стансасында тұрғындар­ға қыз­­­мет көрсетуде. Тек Жаркөл емес, сол айналадағы ауыл мен село тұрғындарының тайлы-тая­­ғы­на дейін «доңғалақты емха­наға» келді. «Саламатты Қазақ­стан» пойызында жабдықталған меди­циналық құралдар ауылды жер­лердегі ФАП-тар түгілі ауру­ха­налардың өзінен табыла бер­мейді, егер бар болса оны жүзеге асыратын маман жоқ. Ал жылжымалы емхана тұрғындарға әрі жан-жақты медициналық тексе­ріс­тен өтуге әрі оны жедел атқа­руға өте қолайлығын көрсетті. Жаркөлден бізге хабарласқан дәрігерлер ден­саулығын тексертуге келген тұр­ғындардың өте көп, кезектің ұзақ екенін айтып отыр.

Біздің аурухана дәрігерлері «Саламатты Қазақстан» пойызымен мұның алдында да сапарға шыққан болатын. Сондықтан олар­­дың «жылжымалы емхана» жағ­дайында жергілікті тұрғын­дар­ға медициналық қызмет көр­се­туде тәжірибесі де молығып келеді.

Қазір пойызда барлығын қос­­қанда 25 дәрігер мен мамандар қызмет көрсетуде. Жақында қара­луға келген бір әйел пойыздан бірден ауруханаға жөнел­тіл­ді, оған осында жедел операция жа­салды. Ал қаншама адамдар­дың осы кезге дейін байқалмай келген сырқаттарын анықтап, олар емдік шара алуды да бастап кетті.

Жылжымалы мұндай медици­на­лық қызметтің артықшылығы көп екенін дәрігерлер де, жұрт­­шылық та түсінді. Ол үшін ха­лықтың алғысы ерекше. Державин стансасынан Жаркөлге дейін дәрігерлердің қабылдауында 4897 адам болған, оның арасында 506 бала бар. Ауыл адамдары УЗИ, рентген аппараттарынан, ла­бора­ториялық тексерістен өтке­ніне қуанышты. Әдетте, УЗИ-ден өту үшін кейде кісінің бір күн уақыты кетеді. Ал пойызда әр адам санаулы сағаттың ішінде медициналық барлық тексерістен өте алады.

«Саламатты Қазақстан» ме­ди­ци­налық көмек пойызы халқы­мыз­дың мықты, мемлекетіміздің күш­­ті болуы үшін жасалып жат­қан игі шаралардың бірі екені даусыз.

Енді алдағы бір-екі күнде «Саламатты Қазақстан» облыс­тың Сарыөл ауданындағы осы аттас стансасына келеді. Онда дә­рі­гер­лер екі күн дамыл таппай жұмыс істейтін болады. Тиімді­лігі мол жылжымалы емхананы онда да тұрғындар асыға күтіп отыр.

Қаратай ЖАЙСАҢБАЕВ,

Қостанай темір жолы ауруханасының бас дәрігері.

Қостанай.