Бұл күндері Арабия түбегінде өтіп жатқан «Оман турында» «Астананың» намысын қорғап жүрген қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко керемет өнер көрсетуде.
Осыған дейін айтулы жарыстың екі кезеңінде жеңімпазы атанып, жалпы есепте көш бастап келе жатқан жерлесіміз кешегі бәсекеде небары 12-орынды қанағат тұтқан еді. Ал бүгін ол қайта «қаһарына» мініп, қашықтығы 152 шақырымды құраған бесінші кезеңде шашасына шаң жұқтырмады. Луценко екінші орын алған франциялық Фабьен Грельеден жеті секунд озды. Үшінші орында – италиялық Доменико Поццовиво.
Жалпы есепте Алексей Луценко жеке-дара көш бастап тұр. Оның көрсеткіші – 18:38:39. Бүгінгі табысының арқасында Доменико Поццовиво екінші орынға көтерілді. Ол жерлесімізден 44 секунд қалып келеді. Үшінші орында – испаниялық Хесус Эррада.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»