Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында көктайғақ және бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстан барлық аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысында және шығысындағы тауларда қалың қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады, тұман. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -5-7.
Алматыда бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), тұман, көктайғақ. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз -1+1.
Шымкентте күндіз құбылмалы бұлтты және түнде қар жауады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -6-8.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -11-16.
Ақмола облысында түнде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Қостанай облысында күндіз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Қарағанды облысында түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -8-13.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз және түнде қар жауады, кей жерлерде – қатты. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз 3-8, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1-6, түнде -8-13.
Алматы облысында қатты жауын-шашын түседі, кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -1-6.
Жамбыл облысында күндіз және түнде жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Павлодар облысында күндіз және түнде аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Түркістан облысында түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1+4, түнде -3-8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -3+2, түнде -10-15.
Маңғыстау облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз 0+5, түнде -4-9.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -10-15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде мұз қату құбылысы күшейеді және су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.