Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 775524 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 60,9% артық. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3848 мың бірлікті құрады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 12 айда 22541 адам зардап шеккен 15821 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат 7%-ға азайған.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 22 млрд теңге сомасына 59835 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.