Базалық металлдардың әлемдік құнының төмендеуіне, негізгі сауда серіктестеріне қатысты санкцияларға (Иран, Ресей) және басқа да сыртқы факторларға қарамастан, өнеркәсіп 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4,1%-ке өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі 4,6%-ке, өңдеу өнеркәсібі 4%-ке өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек бейсенбі күні ведомство алқасының отырысында айтты.
«Өңдеу секторындағы өсімнің негізгі драйверлері мыналар: металлургия +2,2%, машина құрастыру + 14,1%, химия өнеркәсібі +8,1%, жеңіл өнеркәсіп +4,4%. Тау-кен өндірісі секторында темір кені өнімінің көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» Акционерлік қоғамында өндіріс көлемінің артуы есебінен 6,5%-ке өсті. Түрлі түсті металл кені өнімінің көлемі екі маңызды жобаны іске қосу есебінен артты. Олар: «Бақыршық тау-кен өндірісі кәсіпорны» тау-кен байыту кешені Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС» деді Министр өз баяндамасында.
Сонымен қатар Министр түрлі-түсті металлургияда өндіру көлемі «Қазақмыс Корпорациясы» мен «Казцинк» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде артқанын айтып өтті.