• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

510 рет
көрсетілді

Жаңа тасымалдаушы «FlyArystan» ағымдағы жылдың мамыр айында Орал-Алматы рейсін шығарады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл келісімге өңір әкімі Алтай Көлгінов пен «FlyArystan» әуекомпаниясының вице-президенті Паоло Ричиоттидің кездесуі қорытындысының нәтижесінде қол жеткізілген. 

«Биыл Орал әуежайы терминалын жаңарту басталады. Оның алаңын 4 мың шаршы метрден 8 мың шаршы метрге дейін үлкейту жоспарлануда, бұл жолаушылар тасымалын жылына 350 мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді»,  деп атап өтті А. Кульгинов.

Өз кезегінде П. Ричиотти мамырда Орал мен Алматы арасында рейс ашу жоспарланып жатқанын, сондай-ақ Оралдан басқа қалаларға, соның ішінде Астанаға да ұшу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. 

«Біздің әуе билеттеріміздің құны ішкі әуе тасымалы нарығындағы бағадан төмен болады», деді «FlyArystan» вице-президенті.