• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2012

Жүрек соғуын тоқтатпасын

383 рет
көрсетілді

Жүрек соғуын тоқтатпасын

Сенбі, 9 маусым 2012 7:48

Кеше Алматыда «Almaty Towers» бизнес-кешенінде 6-8 маусымаралығында өткен Қазақстан кардиологтарының ІV конгресі өз жұмысынаяқтады. «Практикалық кардиологияға инновациялық технология­лар»тақырыбында өткен алқалы жиынға еліміздің барлық аймағынан 300-гетарта денсаулық сақтау саласының жетекшілері, бас мамандар,кардиологтар мен кардиохирургтер, сонымен қатар Бельгия, Португалия,Германия, Израиль, Венгрия, Италия, Испания, Ресей, Беларусь, Украина,Қырғызстан, т.б. елдерден арнайы шақырылған білікті мамандар қатысты.

 

Сенбі, 9 маусым 2012 7:48

Кеше Алматыда «Almaty Towers» бизнес-кешенінде 6-8 маусымаралығында өткен Қазақстан кардиологтарының ІV конгресі өз жұмысынаяқтады. «Практикалық кардиологияға инновациялық технология­лар»тақырыбында өткен алқалы жиынға еліміздің барлық аймағынан 300-гетарта денсаулық сақтау саласының жетекшілері, бас мамандар,кардиологтар мен кардиохирургтер, сонымен қатар Бельгия, Португалия,Германия, Израиль, Венгрия, Италия, Испания, Ресей, Беларусь, Украина,Қырғызстан, т.б. елдерден арнайы шақырылған білікті мамандар қатысты.

Төртінші мәрте ұйымдасты­рылған конгрестің алғашқы күні тек шеберлік-сыныбына ар­налды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы қалалық кардиология және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орта­лық­тарында өткен шеберлік сыныбында Мәскеу­дегі РМҒА-ның Бакулев атын­дағы Жүрек-қан тамырлары хирургия ғылыми орталығының аға ғылыми қыз­меткерлері Н.­Н.Ломидзе, А.­В.Стаферов, Астанадағы Ұлт­­­тық ғылыми кар­­диохирургия орта­лығының бөлімше жетекшісі С.­А.Әлім­баевтар жүрекке ота жасаудағы үздік жетістікте­рімен тәжірибе бөлісті.

Келесі күні алқалы жиын Денсаулық сақтау министрі С.Қа­йырбекованың делегаттарға жолдаған құттықтау сөзімен ашылды. Онда аталмыш кон­грестің еліміздің денсаулық сақ­тау саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылатыны, тұрақты өткізілетін мұндай басқосулар отандық кардиология қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары мен басымдықтарын айқын көрсе­тетіні, практикалық кардиоло­гияға жаңа инновациялық ме­ди­циналық технологияларды ендіруге көмектесіп, мамандар­дың кәсіби шеберлігін арт­тыруға септігін тигізетіні айтылды. Сондай-ақ құттықтау лебіз білдірген Қазақстан Кардиологтар қауымдастығының президенті Сәлім Беркінбаев мұндай жиындар біріншіден, әйгілі шетелдік және отандық ғалымдарды, практикалық дә­рігер-кардиологтарды, терапев­терді, кардиохирургтарды мем­лекеттік мекемелер өкілдерімен бірге бас қосуға мүмкіндік бере­тін маңызды іс-шара еке­ніне тоқтала келіп, конгресс жұмысына қатысуға арнайы келген Еуропалық кардиологтар қоғамының вице-прези­ден­ті, профессор Фаусто Пин­тоға ерекше алғыс білдірді.

Баршаға аян, елімізде жүрек аурулары өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. 2006-2008 жылдары жүрек-қан тамыры ауруынан жылына 80 мың адам қайтыс болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 71-72 мыңға төмендеген. Бұл әрине, жаман көрсеткіш емес. Ал ауыратындар саны бүгінде гипертония­лық, жүрек-қан тамырлары ауруларын қосқанда 1 миллионнан асып отыр. Десек те, Қа­зақстанда 2007-2009 жылдарға арналған кардиология және кардиохирургия саласын дамыту мақсатында бағдарламалар қабылданып, онымен қатар Елбасының биылғы Жолдауында адам әлеуетінің деңгейін арттыруда көрсетілген медицина­лық қызметтердің қол жетім­ділігі мен сапасы, саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау маңызды бағыт болып табылатыны айтылған. Міне, бүгінде сол бағдарла­ма­лар мен міндеттерді жүзеге асырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жетіп отыр.

– Егер 2006 жылы жүрек-қан тамырлары ауруынан өлім көрсеткіші республика бойынша 100 мың адамға шаққанда 526 адамнан келсе, 2011 жылы 319 адамға кеміген, – деді бізге конгрестің өткізілу мақсатына тоқталған Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы профессор Сәлім Беркін­баев. – Оның себебі, бірінші­ден, 2007 жылы Елбасы тапсырмасымен Үкімет Қазақстанда кардиология мен кардиохирургия салаларын дамыту жөнінде қабылдаған мемлекеттік бағдар­лама бойынша елімізде төрт-бес кардиохирургиялық орталық, барлық облыс орталығында кар­дио­хирургиялық және интер­вен­циялық кардиология бөлім­шелері ашылды. Бұрындары жүрек-қан тамырлары ауруларына көбінесе консервативтік ем жүргізілсе, қазір әлемдік хирургиялық тәсілдермен ем­деу­ге көштік. Міне, конгресте сол қол жеткізген жетістік­те­ріміз бен нәтижелерімізді ор­таға сал­дық. Екіншіден, өлім-жітімді одан әрі азайту үшін жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, оның өзімен емес, себеп-салдарымен күресу қажет­тігі сөз болды. Яғни Қазақ­станда про­филактикалық медицинаны дамытуды ұйымдас­ты­руды қол­ға алуымыз керек. Сон­дай-ақ жи­ында көтерілген басты мәсе­ленің бірі, бұғанға дейін кар­дио­логиялық клиника­ның салалары – кардиология, кардиохирургия мен интервен­циялық кардиология әрқайсысы бөлек болса, ендігі мақсатымыз бар­лы­ғымыз бір қауымдастыққа бірі­гіп, бірге жұмыла жұмыс жасау.

Конгресс жұмысына өзде­рінің үлкен жетістіктерімен ке­ліп отырғанын жеткізген Алматы облыстық кардиология орта­лығының бас дәрігері Рахым­берді Сұлтанбеков орталықтағы озық технологияларды пайдала­нудың нәтижесінде өткен жылы 100 мың адамға шаққанда жү­рек ауруларының негізгі түрі бойынша өлім-жітімнің 200-ден 52,2-ге дейін азайғанын тілге тиек етті. Мәселен, Талдық­орған қаласына 2008 жылы жаңа құрал-жаб­дықтар әкелініп, 2009 жылдан бастап облыс халқына жоғары дәрежелі кардиохирургия қыз­мет­тері көрсе­тіле бастаған. Қазір олар бірқа­тар күрделі операцияларды облыс­тық орта­лық­та жасауда. Мысалы, бұрын тек ересек­тердің жүрегіне ғана ота жасалып келсе, ағымдағы жылдан бастап жас балалардың туа біткен жүрек ауруларына да операция жасау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, конгресс аясында «Жүректің ишемия ауруымен және созылмалы жү­рек кемістігімен ауыратындарды емдеу мен алдын алудың заманауи аспектілері», т.б. Сател­литтік симпозиумдар мен «Кардиология және кардиохирур­гиядағы диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары» секциясы бойынша ТМД елде­рінен келген мамандар дәріс оқыды. Жиын соңында кардиохирургия саласын жетілдіруге қатысты қарар қабылданды.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».